• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сыздықбеков Ғ.Ә.
Сыздықбеков Ғ.Ә.

Шымкент қаласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҮШ ДЕҢГЕЙЛІ ЖОЛАЙРЫҚ: БӘЙДІБЕК БИ ДАҢҒЫЛЫ КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНА АШЫЛДЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің тікелей тапсырмасы бойынша Бәйдібек би-Арғынбеков көшелерінің қиылысында 3 деңгейлі жолайрығының ең жоғарғы эстакадасы - Бәйдібек би даңғылы көлік қозғалысына ашылды. Оқу жылының басталуына орай жиілейтін көлік қозғалысы ескеріліп, құрылыс қарқыны күшейтілген болатын.  

Шымкент автокөлік көбеюі жағынан елімізде көш бастап тұрғандықтан, соңғы жылдары жол құрылысына басымдық берілді. Бұл жолайрық - қалада кептелісті азайтып, көліктерге қолайлы жағдай жасауда маңызды жоба. Жоспарға сәйкес жолайрық үш деңгейлі. Төменгі деңгейде - Арғынбеков көшесі, жоғары деңгейде - Бәйдібек би даңғылы, ортаңғы деңгейде - оң,  жақ бұрылыстар мен сақиналы жол орналасатын болады. 

Қазір жолайрық құрылысы белгіленген кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Құрылыс жұмыстарын ыңғайластыра отырып, көліктердің қозғалысына кептелісті азайту мақсатында жол кезең-кезеңімен ашылуда.  Айта кетейік, 15 мамырда халыққа қолайлы жағдай жасау мақсатында Арғынбеков көшесі ашылды.  
Бүгінде жоспарланған жол құрылыс жұмыстары 80% пайызға орындалды. Жолайрық құрылысын толық аяқтап, көліктің барлық бағыттағы қозғалысын қамтамасыз ету жыл соңына жоспарланып отыр.  
 
Нысанға арнайы барып, құрылыс барысын қадағалаған Ғабит Әбдімажитұлы жауаптыларға жұмыстарды мерзімінде аяқтап, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі үшін  бағдаршамдар мен жүргіншілер жолын ретке келтіру, жол белгілерін дер кезінде орнату бойынша арнайы тапсырма берді. Онымен қоса жол құрылысы жұмыстарына тек алпауыт монополистерді ғана емес, заң шеңберінде рұқсат етілген шағын және орта компанияларды да жұмылдыру қажеттігіне тоқталды. 

Пандустарды да арнайы талаптарға сай салуды тапсырып, ерекше жандардың қауіпсіздігіне назар аударды.   
Сондай-ақ қала әкімі жауаптыларға құрылыс барысында  жолайрық айналасына жиналатын жауын-шашын суының деңгейіне қарай ирригациялық жүйелердің жүктемесі мен су өткізу қабілетін қадағалап, қолайсыздықтарды қазірден алдын алуды тапсырды.  

  • 08.09.2023
  • 216
Сыздықбеков Ғ.Ә.

Шымкент қаласының әкімі

Сыздықбеков Ғ.Ә.
(Мұрағат)

Шымкент қаласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика