• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Гонконгта Қазақстанның сауда мүмкіндіктері таныстырылды

Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев 2023 жылғы 13 қыркүйекте Гонконгта өткен «Бір белдеу - бір жол» VIII Саммитінде сөз сөйледі.

Кедергісіз сауда, инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастық – «Бір белдеу - бір жол» бастамасының басты міндеті. Бүгінгі таңда бастамаға белдеу бойында орналасқан 150 ел және 32-ден астам халықаралық ұйымдар қосылды.

«Қытай 2022 жылы тауар айналымының көлемі 24,2 млрд долларды құрайтын Қазақстанның екінші ірі серіктесі. Арнайы экономикалық аймақпен сауда серпіні қарқынды өсуде: өткен жылы Қазақстан мен Гонконг арасындағы екіжақты сауда 91%-ға өсіп, 51,8 млн долларға жетті. Біз Қытайға 1 млрд долларды құрайтын 135 тауар позициясы бойынша, Гонконгқа 600 млн доллардан астам сомаға 100 тауар позициясы бойынша шикізаттық емес экспортты ұлғайтуға дайынбыз», — деп мәлімдеді Арман Шаққалиев. 

Халықаралық сауданы дамытудың негізгі құрамдас бөлігі - нарықтарды ашу және жеткізу тізбегін дамыту. Арман Шакқалиев Қазақстанның Еуропа мен Азияны байланыстыратын ірі көлік хабына айналу жөніндегі ауқымды жоспарларын айтты.

«Бұл үшін көптеген алғышарттар жасалды. Жыл сайын Қазақстан аумағы арқылы Қытай-Еуропа-Қытай бағыты бойынша контейнерлік теміржол тасымалының көлемі өсуде. Қытаймен шекарада "Қорғас - Шығыс қақпасы" АЭА құру толығымен аяқталды. 2014 жылы Ляньюньган портында қытайлық серіктестермен логистикалық терминал құрылды, ол бүгінгі күні Қазақстаннан және Қазақстанға жүк ағындарын шоғырландырудың негізгі пункті болып келеді. Осы жылдың мамыр айында Сиань құрғақ портының аумағында «ҚТЖ» ҰК» АҚ терминалының құрылысы басталды. «Сәулелі» қағидат бойынша Орталық-Оңтүстік, Орталық-Шығыс, Орталық-Батыс бағыттарында жоғары сапалы автожолдардың жобалары іске асырылуда, олар оңтүстіктен солтүстікке, батыстан шығысқа қарай өтуді қамтамасыз етеді», — деп жалғастырды ол. 

Қорытындылай келе, Арман Шаққалиев Қазақстанның үлкен инвестициялық әлеуетке ие екенін және өңдеу және жеңіл өнеркәсіп, жаңа жоғары технологиялар, жасыл энергетика, инфрақұрылым және қаржы бағытында шетелдік әріптестермен белсенді жұмыс істеуге дайын екенін атап өтті.

Анықтама: «Бір белдеу - бір жол» - Қытайдың Орталық Азияның, Еуропаның және Африканың 60-тан астам елін байланыстыратын қолданыстағы сауда-көлік дәліздерін жетілдіру және жаңа сауда-көлік дәліздерін құрудың халықаралық бастамасы. Өңірлік көпжақты ынтымақтастықты дамытуға бағытталған «Жібек жолының экономикалық белдеуі» (ЖЖЭБ) және «21 ғасырдың теңіз Жібек жолы» (ТЖЖ) сынды екі стратегиялық Қытай жобасын біріктіреді.

ЖЖЭБ ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің бастамасымен 2013 жылдың қыркүйегінде Қазақстанда бастау алған. Оның негізгі бағыттары:

1. экономикалық даму стратегиясы мәселелері бойынша пікір алмасу;

2. тынық мұхитынан Балтық теңізіне дейін бірыңғай көлік инфрақұрылымын салу;

3. кедергілерді жоюмен сауда байланыстарын нығайту; 

4. валюта ағындарын күшейту;

5. халықтар арасындағы байланысты нығайту.

  • 14.09.2023
  • 223
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика