• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан мен Гонконг сауда ынтымақтастығын арттырмақ

Кездесуде министр Арман Шакқалиев пен Гонконгтың АӘА басшысы Джон Ли сауда-экономикалық ынтымақтастықты күшейтудің ықтимал нұсқаларын талқылады.

«Қытаймен қарым-қатынасты дамыту - Қазақстанның сыртқы саясатындағы маңызды басымдықтардың бірі. Біз стратегиялық әріптестікті одан әрі тереңдетуге, сауда-экономикалық және инвестициялық салаларда Гонконгпен ынтымақтастықты дамытуға ерекше зейін қоямыз. Қазақстан экономикасына, оның ішінде жаңа технологиялар, жасыл энергетика, IT, жаңа өндірістерді іске қосу салаларына инвестиция салу үшін бізде барлық қолайлы жағдайлар жасалған. Қазақстан органикалық таза өнім өндірудің үлкен әлеуетіне ие және біз Гонконг нарығына ауыл шаруашылығы және тамақ өнімдерін жеткізуге мүдделіміз», - деді Арман Шакқалиев кездесуде.

Гонконг - электрондық коммерцияның ең үлкен нарығы. Сауда министрі атап өткендей, Қазақстан жаһандық маркетплейстер арқылы дайын өнім экспортын ілгерілету бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.

«Халықаралық сауда платформасында 5 000-нан астам қазақстандық тауарлар орналастырылған Alibaba.com Ұлттық павильонын ашудың оңтайлы тәжірибеміз бар. Соңғы 3 жылда платформада сатылым 225 млн доллардан асты. Сонымен қатар, мамыр айында JD.com электрондық платформасында Қазақстанның Ұлттық павильоны ашылды. Қазір біз Genertec, Huawei, XingXing сияқты ірі бизнес иелерімен электрондық коммерция саласында белсенді келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Сіздерді осы бағыттағы ынтымақтастыққа шақырамыз», - деді министр.

Туризмді жандандыру мақсатында қазақстандық тарап тікелей авиарейстерді жаңартуды және Қазақстан мен Гонконг арасындағы визасыз режимді 14 күннен бір айға дейін ұлғайтуды ұсынды. Бұл сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты жандандыруға мүмкіндік береді.

Кездесу қорытындысы бойынша Арман Шәкқалиев Қазақстан Үкіметі атынан Джон Лиді Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

Анықтама:

Гонконг-әлемдегі ірі қаржылық және логистикалық хабтардың бірі. Мұнда 8978 аймақтық штаб-пәтер мен шетелдік компаниялардың өкілдіктері ұсынылған, олардың көпшілігі ең алдымен материктік Қытаймен бизнес жүргізуге бағытталған. Гонконгта 182 қаржы-банк институты және 42 шетелдік банк өкілдігі тіркелген, бұл оның АТР-дағы ең маңызды банк және қаржы хабы ретіндегі мәртебесін растайды. Гонконг валюта нарығы өзінің ауқымы бойынша Азиядағы екінші және әлемдегі төртінші болып табылады, валюталық транзакциялардың күнделікті айналымы орташа есеппен $632,1 млрд. АҚШ долларын құрайды.

Гонконгтың қор нарығы нарықтық капиталдандыру көлемі бойынша Азияда 6-шы және әлемде 4,1 трлн. АҚШ доллары деңгейінде 9-шы орында. Гонконг биржасында барлығы 2601-ден астам компания листингке ие.

2022 жылдың қорытындысы бойынша Гонконгтан $96,2 млн сомасына тікелей шетелдік инвестициялар тартылды (2021 жылмен салыстырғандағы өсім 8,4%, $88,8 млн).

2023 жылдың 1 тамызында 119 бірлескен және 100 гонконгтық капиталымен жұмыс істейтін кәсіпорындар тіркелді.

Қазақстан мен Гонконг арасындағы тауар айналымы 2023 жылғы қаңтар-шілдеде 45,9 млн. АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 59,7%-ға жоғары (28,7 млн. АҚШ доллары). Қазақстаннан Гонконгқа экспорт көлемі 2023 жылғы қаңтар-шілдеде 31%-ға өсіп, 26,7 млн. АҚШ долларын құрады. Қазақстан мен Гонконг арасындағы тауар айналымы 2022 жылы 51,8 млн. АҚШ доллары болады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 91% - ға жоғары (27,1 млн. АҚШ доллары).

  • 14.09.2023
  • 211
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика