- Блогтар
- Асылов Б.Н.
Асылов Б.Н.
ҚР Бас Прокуроры
Бакуге бару туралы
Бүгін ТМД-ға қатысушы елдер бас прокурорларының үйлестіру кеңесінің 33-отырысына және Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер бас прокурорларының 4-отырысына қатыстым.
Әріптестерімен Қазақстан прокуратурасының қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау жөніндегі тәжірибесімен бөлістім.
Отырыс қорытындысы бойынша одан әрі өзара іс-қимылдың басым міндеттері мен тетіктері айқындалды.
Сонымен қатар ЭЫҰ алаңында ведомство басшыларымен бірге адам саудасына, есірткінің заңсыз айналымына, киберқылмысқа және басқа да заманауи сын-қатерлерге қарсы күрес саласындағы өңірлік ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқыладық.
Қатысушыларды Қазақстанда есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар еттім.
Сондай-ақ ТМД және ЭЫҰ елдері делегацияларының басшыларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді, олармен өзара құқықтық көмек көрсетудің, оның ішінде активтерді қайтару бойынша өзекті мәселелерді талқыладық.
- 15.09.2023
- 184