• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
«Жылдам жеңістер» жоспары Қазақстан мен ҚХР Хубэй провинциясының бірлескен жобалары үшін әзірленеді

Бұл туралы Қазақстанның Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев ірі қытайлық кәсіпкерлермен дөңгелек үстел барысында келісті.

Бизнес капитандарымен іскерлік келіссөздер қазақстандық тауар өндірушілердің Хубэй провинциясының Ухань қаласына сауда-экономикалық миссиясы шеңберінде өтті. Тараптар ынтымақтастықтың өзекті бағыттарын талқылады, өздерінің экспорттық және инвестициялық әлеуетін таныстырды. Хубэй провинциясының электрондық коммерция қауымдастығы e-cоmmerce секторын өзгерту туралы ұсыныстарын айтты.

Сауда және интеграция министрі атап өткендей, Қазақстан мен Қытайдың қарым-қатынасы барлық бағыттар бойынша қарқынды дамып келеді. Тамыз айында Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Шэньчжэнь және Пекин қалаларында қытайлық бизнес өкілдерімен кездесулер өткізді. Астанада Шаньси және Шаньдунь провинцияларының іскер топтарының өзара сапарлары өткізілді.

Бүгінде Қазақстан мен Қытай экономиканың түрлі секторларында 20 млрд доллардан астам сомаға 52 бірлескен жоба бойынша тығыз өзара іс-қимыл жасалуда. Индустрияландыру және инвестициялар саласында өзара жұмыс жүргізілуде.

«Инвесторларды тарту үшін негізгі секторлармен АӨК, қайта өңдеу және логистика, сондай-ақ цифрлық сауда секторлары анықталды. Инвестиция салғысы келетін компаниялар үшін біздің елімізде индустриалды нысандарды салуға жер учаскелерін бөлуді, 10 жылға дейінгі мерзімге салық салудан босатуды, жұмыс күшін әкелуге квоталар беруді және басқа да артықшылықтарды көздейтін ауқымды ынталандыру пакеті бар. Сіздердің компанияларыңыздың профильдерін ескере отырып, біз Қазақстан экономикасына инвестиция салу мүмкіндіктерін ұсына аламыз», - деді дөңгелек үстелге қатысушыларға Арман Шаққалиев.

Министр мемлекет елге шетелдік инвестицияларды тартуға өте мүдделі екенін атап өтті.

«Біз еліміздің өңірлерін дамытуға міндеттіміз. Егер Қазақстанның белгілі бір саласына мақсатты қызығушылық болса, біз инвестициялық жобалар және солармен байланысты процестер бойынша туындайтын барлық мәселелерді жедел түрде жергілікті жерлерде пысықтауға дайынбыз. Бұл тиімдірек әрі жылдам болады», - деді Арман Шаққалиев.

Келіссөздерге минералды ресурстарды өңдеу, бизнес-қызметтер және көтерме сауда, энергетика объектілерін салу және пайдалану, күн батареяларын өндіру, тасымалдауды басқару, жүктерді сақтау, электрондық коммерцияны қоса алғанда, әртүрлі салалардағы 20-ға жуық қытайлық компаниялар қатысты.

Кездесуде тараптар жедел іске асыру және жылдам нәтижелерге қол жеткізу үшін перспективалы жобаларды айқындауға келісті. QazTrade сауда саясатын дамыту орталығы Хубэй провинциясының Кәсіпкерлер қауымдастығымен бірлесіп өнімді экспорттау-импорттау бойынша нақты іс-қимыл жоспарын әзірлеуі тиіс.

Сондай-ақ, Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Қауымдастық өкілдерінен қазақстандық компанияларға өткізу нарықтарын іздеуде көмек көрсетуді сұрады. Бұған жауап ретінде Хубэй провинциясының кәсіпкерлер қауымдастығының өкілі Чжан Фанчэн Қытайдағы әлеуетті серіктестер біздің тауар өндірушілеріміздің мүмкіндіктері мен қазақстандық брендтер туралы түсінік алуы үшін қазақстандық кәсіпорындар үшін маркетингтік науқан жүргізуді ұсынды.

Қазақстандық кәсіпкерлердің Хубэй провинциясының Ухань қаласына сауда миссиясы 14-16 қыркүйек аралығында өтеді. Іс-шара аясында В2В форматында іскерлік келіссөздер, кәсіпорындарға бару жоспарланған, экспорттық келісімдерге қол қою күтілуде.

  • 18.09.2023
  • 198
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика