- Блогтар
- Сахиев С.К.
Сахиев С.К.
«Ядролық физика институты» РМК Бас директоры
Ядролық физика институтының делегациясы АЭХА-ның Венадағы Бас конференциясының 67-ші сессиясына қатысуда
25 қыркүйекте Вена қаласында (Австрия) Агенттікке мүше 177 мемлекеттің қатысуымен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (бұдан әрі-АЭХА) Бас конференциясының 67 – ші сессиясы басталды. Конференция жұмысына Қазақстан тарапынан министр Алмасадам Сәтқалиев бастаған Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің (ҚР ЭМ) делегациясы, сондай-ақ ҚР ЭМ ведомстволық бағынысты ұйымдарының өкілдері қатысады: Ядролық физика институты РМК (ЯФИ), «Самұрық-Қазына» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп «ҰАК» АҚ, ҚР «Ұлттық ядролық орталық» РМК және «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС. ЯФИ - дан бас директор Саябек Сахиев және Ядролық, радиациялық және экологиялық қауіпсіздік департаментінің директоры Мұрат Төлегенов қатысуда.
Конференция аясында ЯФИ ашық елдік көрмеге қатысады және өз өнімдерін ұсынады. Көрме аймағы институттың өндірістік қызметіне арналған. Онкологиялық ауруларды диагностикалау және емдеуді бақылау үшін қолданылатын радиофармацевтикалық препараттар, сондай-ақ институтта өндірілетін күйік кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету үшін медициналық мақсатындағы «Aqua Dress» стерильді гидрогельді таңғыштар таныстырылды.
АЭХА бас конференциясы 29 қыркүйекке дейін жалғасады. Конференция қорытындысы бойынша әлемдік атом саласын дамыту саласында бірқатар маңызды шешімдер қабылданатын болады.
- 26.09.2023
- 179