• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Сеніңіз, бірақ тексеріңіз: сауда нүктелеріндегі таразылар енді тексеріледі

Мемлекеттік реттеуге жататын өлшемдер тізбесі сауда-коммерциялық операциялар кезіндегі тауарлар салмағының өлшемдерімен толықтырылды, - деп хабарлайды сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

Басқаша айтқанда, енді әрбір сауда объектісі елдің барлық облыстарында бар аккредиттелген (құзыреттілігін бағалаудан өткен) салыстырып тексеру зертханаларының аттестатталған салыстырып тексерушілердің көмегімен таразыларын жыл сайынғы міндетті салыстырып тексеруден өткізуі тиіс. Егер бұрын салыстырып тексеру туралы талап тек сатылатын тауарлардың геометриялық параметрлерін өлшейтін өлшем құралдарына қатысты болса (ұзындығы және т.б.), енді таразылар да қосылды.

Салыстырып тексерудің мәні өлшем құралдарының міндетті метрологиялық талаптарға сәйкестігін растау болып табылады. Ол үшін аттестатталған салыстырып тексеру әдістемесі пайдаланылады, бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылып, нәтижесінде оң нәтижелері салыстырып тексеру таңбасының бедерімен куәландырылады, ал теріс жағдайда өлшем құралының жарамсыздығы туралы хабарлама жіберіледі. Рәсімнің шығыны көп емес, сарапшылардың бағалауы бойынша нарықтағы орташа есеппен 5000 теңгеден сирек асады және арнайы гірлерді пайдалануды көздейді.  

Өзгерістер «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңның қолданыстағы ережелеріне негізделген, ол мемлекеттік метрологиялық бақылау объектілерінің ішінде сауда операцияларын жасау кезінде иеліктен шығарылатын өнім санын тікелей анықтады, және де ішкі сауда ережелеріне сәйкес сауда объектісі қажетті сауда құрал-сайманымен, жабдығымен, оның ішінде !Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңның талаптарына сәйкес қолдануға рұқсат етілген өлшем құралдарымен қамсыздандырылады.

Осылайша, салмағы бойынша өнімді сату кезінде тұтынушылар өлшеудің анық емес нәтижелерінен Заңмен қорғалады және олар ақысы төленген салмақты ала алады. Сараптамалық бағалаулар бойынша салыстырып тексеруге ұсынылатын өлшем құралдарының шамамен 8-10 %-ы одан өтпейді, сол арқылы жарамды болып табылмайды.

Заң талаптарын сақтамағаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 419-бабында жеке (30 АЕК) және заңды тұлғаларға (230 АЕК-тен 600 АЕК-ке дейін) айыппұл түрінде жауапкершілік қарастырылған.

«Шара пісіп жетілген, ол кезінде «көзден таса болды» деп айтуға болады және бақылау 4 жылдан астам уақыт жүргізілмеген. Минут сайын бүкіл ел бойынша мыңдаған сауда нысандарында тұтынушылар түрлі жағдайдағы таразыларға «қарамай» сеніп, өлшеулердің тексерілмеген нәтижелері үшін өз қаражаттарын төлей береді. Азаматтардың шағымдары келіп түседі. Салыстырып тексеру таразының дәлдігін, тұтынушыларды қорғауды және алдамшы тәжірибелерді азайтуды қамтамасыз етеді», - деп атап өтті ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев.

Жаңашылдық ауылшаруашылық жәрмеңкелерге қолданылмайды деп қосты сауда министрлігі.

  • 28.09.2023
  • 174
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика