• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жазықбай Д.М.
Жазықбай Д.М.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
МҚІА төрағасы жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына барды

Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында  Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев өңірдің мемлекеттік қызметшілері, белсенді жастары және С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті студенттерімен бірқатар кездесу өткізді.

Өңірдің мемлекеттік қызметшілерімен кездесуде Дархан Жазықбаев мемлекеттік қызметтің тиімділігі мен сервистілігін арттыруға бағытталған мемлекеттік басқаруды жаңғырту бойынша Агенттікпен жүргізіліп жатқан  шаралардың мән-жайымен таныстырды.

Шаралардың ішінде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қашықтан мониторинг жасау негізінде көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын қорғау, мемлекеттік аппаратты цифрландыру және бюрократиядан арылту, оның ішінде мемлекеттік органдардың басшы және атқарушы құрамдарының арақатынасын регламенттеу мәселелері айтылды.

Агенттік төрағасы Мемлекет басшымен алға қойылған «Адал азамат» идеясына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіру бойынша шараларға ерекше назар аударды. Дархан Жазықбаев мемлекеттік қызметшілер арасында «Адал азамат» идеалдарын ілгерілету мемлекеттік аппараттың жұмысына жаңа серпін беретінін айтты.

Сапар барысында МҚІА төрағасы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетіне арнайы барып, өңір жастарымен кездесу өткізді. Жастармен ашық әңгіме барысында ол бүгінгі таңда мемлекеттік қызметке жастарды тарту бойынша Агенттік қызметі, оның ішінде жас таланттарды қолдау шараларына тоқталды.

Ағымдағы жылдың басынан соңғы өзгерістерге сәйкес жақсы GPA көрсеткен (3,33-тен кем емес) жоғары оқу орындарының 50 түлегі аудандық және ауылдық жерлердегі төменгі лауазымдарға конкурссыз қабылданды.

МҚІА төрағасы жастарға Президенттік жастар кадр резервіне кезекті іріктеудің басталғанын, жобаның жастар арасында жоғары танымалдылығын көрсеткен алдыңғы іріктеу тәжірибесі туралы айтты.

«Біз жастарымыздың бойындағы тасқындаған күш-жігер мен білімді ел мүддесіне қызмет етуге бағыттасақ деген ниеттеміз. Алда республиканың барлық аймақтарында Өңірлік  жастар кадр резервтері құрылатын болады. Бұл еліміздің жастарына үлкен қолдау болмақ. Сонымен қатар сапалы кадрларды елдің ішінен іріктеп алуға зор мүмкіндік тудырады», - Дархан Жазықбаев.

Жастар Агенттіктің мемлекеттік қызметке кіру кезінде артық кедергілерді жою туралы ақпаратты аса қызығушылықпен қабылдап, өз сұрақтарын қойды. Кездесу соңында Агенттік төрағасы университеттің кітапхана қорына кітаптар табыстады.

Жұмыс сапарының соңында Агенттік төрағасы Агенттіктің аумақтық департаментіне және Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалының қызметкерлерімен кездесіп, Департамент басшылығына мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамалық бастамаларды өңірлік деңгейде іске асыру жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.

 

  • 28.09.2023
  • 206
Жазықбай Д.М.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы

Жазықбай Д.М.
(Мұрағат)

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика