• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жақыпова С. Қ.
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
С. Жақыпова мүгедектігі бар адамдардың өмір сапасын көтеру жөнінде баяндады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова ҚР Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің Қарағанды қаласында өткен мүгедектігі бар адамдардың мәселелері жөніндегі көшпелі отырысында ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында атқарылып жатқан шаралар туралы хабарлады.

ЕХӘҚМ басшысы Қазақстанда мүгедектігі бар 719 мыңға жуық адам тұратынын атап өтті. Соңғы онжылдықта ерекше қажеттіліктері бар адамдар саны 14%-ға, мүгедектігі бар балалар саны 49%-ға, ал халықтың жалпы саны 15% - ға өсті.

«Мүгедектігі бар адамдардың үлесі халық санының өсуінен баяу, ал балалар арасында бұл сан керісінше үш есе жылдам өcуде. Сондықтан балалар  мүгедектігін алдын алу бойынша шараларды күшейтуді қажет екенін көрсетуде», – деді Светлана Жақыпова.

Ересектер арасында нозология тұрғысынан қан айналымы жүйесі аурулары мен онкологиялық аурулардың өсуі байқалады. Балалар арасында бірінші орынды туа біткен ақаулар, бұл оларға ерте жаста сапалы медициналық көмек көрсету қажеттілігін көрсетеді.

Министр мүгедектігі бар адамдардың төрттен үш бөлігінде (538,1 мың) 2 және 3 мүгедектік тобы бар екенін, яғни олардың басым бөлігі әлеуетті еңбекке қабілетті және елдің экономикалық дамуына үлес қоса алатынын айтты.

«Түбегейлі шаралар қабылдауды талап ететін мәселе – мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамтамасыз ету. Еңбекке қабілетті жастағы мүгедектігі бар жұмыспен қамтылған адамдардың үлесі небәрі 27,8%-ды құрайды. Бұл көрсеткіш олардың толық еңбек интеграциясына кедергілердің бар екендігін, жұмысқа орналастырудың және кәсіби іске асырудың жаңа тетіктерін енгізудің маңыздылығын көрсетеді», – деді еңбек министрі.

Еңбекминінің басшысы мүгедектігі бар адамдар арасында кәсіптік білім беруге қатысуы екі есе төмен екенін атап өтті. Бұл факт мүгедектігі бар адамдардың білім беру ресурстарына қолжетімділігін жақсарту қажеттігін айқындайды. Бұл арнайы білім беру бағдарламаларын әзірлеуге де, инфрақұрылымның қолжетімділігін қамтамасыз етуге де қатысты.

Министр «кедергісіз» ортаны қамтамасыз ету мүгедектігі бар адамдарды толыққанды интеграциялаудың негізгі факторларының бірі болып табылатынын атап өтті. Сонымен қатар, мониторинг нәтижелері бойынша бүгінгі таңда 35 мың инфрақұрылым нысандарын бейімделуі бес жылдық жоспарда небәрі 30% - ға орындалды (10 444 нысан). Бұл мәселені шешудің жолдарының бірі көлік және сәулет-құрылыс салаларында бақылауды күшейту, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың жұмысын жандандыру.

Әлеуметтік қолдау шаралары туралы айта келе, Светлана Жақыпова мүгедектігі бар адамдардың табысының негізгі көзі мемлекет кепілдік берген әлеуметтік төлемдер екенін атап өтті.

«2022 жылы республикалық бюджеттен мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қамтамасыз етуге 481,5 млрд теңге бағытталды, биыл 569 млрд теңге қарастырылды», – деді ол.

Еңбекминінің басшысы әлеуметтік қызметтер порталын енгізу мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламаларының орындалуын 2022 жылы 90,8%-ға дейін жеткізуге, сондай-ақ тұрғылықты жеріне қарамастан оңалтудың қызметтері мен техникалық құралдарына (бұдан әрі – ОТҚ) қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік бергенін айтты.

«Алайда, порталда оңалтудың техникалық құралдарының сапасына қатысты мәселелер бар. Бұл медициналық мақсаттағы бұйымдарды Ұлттық дәрілік заттарды сараптау орталығы арқылы, ал қалған ОТҚ үшін әлеуметтік қорғау саласын дамытудың Ұлттық ғылыми орталығында сертификаттау жолымен шешу жоспарлануда», – деп толықтырды Светлана Жақыпова. 

Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен әлеуметтік көмек көрсетудің тиімділігін және оның ашықтығының сапасын жақсарту мақсатында 10 стационарлық үлгідегі арнаулы әлеуметтік қызметтер (бұдан әрі – АӘҚ) көрсету орталықтарының базасында қызметтер пилоттық режимде цифрландырылуда.

«Цифрлық технологияларды қолдану әлеуметтік қызметтерді көрсету саласындағы барлық рәсімдердің, стандарттар мен талаптардың орындалуын автоматты түрде қадағалауға және құжаттарды рәсімдеуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде заңнаманың қатаң сақталуына және көрсетілетін қызметтердің ашықтығының арттыруына ықпал етпек. Алдағы уақытта осы жобаны басқа өңірлерде жалғасын таппақ», – деді министр.

Сөз соңында Светлана Жақыпова осы саладағы өзекті мәселелерді шешу үшін және ЕХӘҚМ әлеуметтік қорғау жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында бірнеше негізгі бағыттар бойынша атқарылатын жұмыстар туралы хабарлады.

Біріншісі – арнаулы әлеуметтік қызметтер стандарттарын қайта қарау және 2025 жылдан бастап жан басына шаққандағы нормативті енгізу. Бұл өзгерістер бір жағынан кейбір қызмет түрлерін монетизациялауға әкеп соқса, екінші жағынан жеке секторды кеңінен тартуға, әсіресе ауылдық елді мекендерде АӘҚ қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Екінші – республикалық деңгейде АӘҚ көрсету орталықтарының бюджетін шоғырландыру. Бұл шара ресурстарды тиімді бөлуге, барлық көрсетілетін қызметті алушылар үшін тең жағдайда қамтамасыз ете отырып, қызмет көрсетудің жалпы стандарттарын белгілеуге мүмкіндік береді.

Үшіншісі – көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға және әлеуметтік қорғау саласындағы стандарттардың сақталуына ықпал ететін АӘҚ көрсету орталықтарының қызметін лицензиялау.

Төртінші – әлеуметтік қызметкерлердің мәртебесін қайта қарау және 2025 жылдан бастап көрсетілетін қызметтердің біліктілік деңгейін, санаты мен ерекшелігін ескеретін олардың еңбегіне ақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу.

Бесінші – цифрлық шешімдерді енгізе отырып, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмек көрсетудің интеграцияланған моделін енгізу.

Алтыншы – оңалтудың жаңа технологиялары мен құралдарын енгізу үшін «Қазақстан халқына» ҚҚ-мен көмегімен ОТҚ инновациялық фабрикасын іске қосу жоспарлануда.

Жетінші – мүгедектікті төмендету мақсатында алдын алу шараларын қабылдау.

Сегізінші – инклюзивті саясат тұжырымдамасын әзірлеу, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтендіру және олардың экономиканың дамуына белсенді қатысуына ықпал жасау.

Тоғызыншы – жаңа әлеуметтік саясаттың инновациялық дамуына қолдау көрсету мақсатында әлеуметтік оңалтуды жетілдіру бойынша ғылыми-практикалық орталықты әлеуметтік қорғау саласын дамытудың Ұлттық ғылыми орталығына айналдыру жоспарлануда.

  • 29.09.2023
  • 206
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Жақыпова С. Қ.
(Мұрағат)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика