- Блогтар
- Қасымбек Ж. М.
Қасымбек Ж. М.
Астана қаласының әкімі
Апатты жағдайдағы 6 ескі үй мен барақ тұрғындары жаңа, қауіпсіз баспанаға ие болды! 400-ге жуық отбасы қауіпті пәтерлерден көшірілді!
400-ге жуық отбасы қауіпті пәтерлерден көшірілді! Бұл апатты үйлердің арасында 80 жылдан астам уақыт бұрын салынғандары да бар. Олардың төбесінен су ағып, қабырғалары сөгілгелі тұрған; пәтер іші сыз және тағы басқа да келеңсіздіктерге толы еді.
Кейбір тұрғын үйлерде орталықтандырылған жылу жүйесі болмаған. Тұрғындар пәтерлерін пешпен жылытқан. Қазір адамдар жүктерін тасып, көшіп жатыр.
Ескі үйлерді сүру жұмыстарын "Елорда Дамумен" бірге «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жүргізіп жатырмыз. Бұған қоса Мемлекет басшысының тапсырмасымен жеңілдікпен берілетін қолжетімді баспана құрылысы көлемін де арттырамыз.
- 05.01.2021
- 260