• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жазықбай Д.М.
Жазықбай Д.М.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
МҚІА төрағасы жұмыс сапарымен Павлодар облысына барды

Бүгін Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев жұмыс сапарымен Павлодар облысына барып, өңір басшылығы, мемлекеттік қызметшілері және жастарымен кездесулер өткізді.

Облыс активімен кездесуде МҚІА төрағасы мемлекеттік қызметке кіру кезінде артық кедергілерді жою және одан «шығу» тәртібін жеңілдету, мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту, мемлекеттік қызметшілерді ротациялық төлемдермен қамтамасыз ету, жұмыстың икемді кестесі мен қашықтықтан жұмыс істеу форматын енгізу, жұмыс кестесінің сақталуын бақылау бойынша Агенттікпен атқарылып жатқан шараларға тоқталды.

«Азаматтардың әл-ауқатының артуы – мемлекеттік аппарат жұмысы тиімділігінің негізгі көрсеткіші. Бұл қағида барлық мемлекеттік органның, әрбір мемлекеттік қызметшінің жұмысында негізгі ұстаным болуы тиіс. Елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың оңтайлы жүзеге асуы үшін мемлекеттік аппаратқа деген халықтың сенімі артуы қажет», - деді Агенттік төрағасы.

Іссапар аясында Дархан Жазықбаев ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының филиалына барып, өңірдегі мемлекеттік қызметшілерді оқыту, олардың біліктілігін арттыру бойынша жұмыстармен танысты.

Сондай-ақ Агенттік төрағасы қала тұрғындарына мемлекеттік қызметтер көрсетіліп, кеңестер берілетін «Ахуалдық орталық» пен «Open Pavlodar» фронт-офисінің жұмысымен танысты, сондай-ақ Халыққа қызмет көрсету орталығында болды.

МҚІА төрағасы мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру шараларына назар аударды. Олар – халыққа мемлекеттік қызметтер туралы ақпараттың қолжетімділігі, сапалы кері байланыс, мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдері мен ережелерін, көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын міндетті түрде сақтауды қамтамасыз ету.

Торайғыров университетінде Дархан Жазықбаев өңірдің жастары және студенттерімен кездесті. Дарынды жастарды мемлекеттік қызметке тартудың маңыздылығын атап өтіп, Президенттік жастар кадр резервіне іріктеудің талаптары мен кезеңдері туралы айтты. Бұған қоса, Агенттік төрағасы Ақпараттық технологиялар колледжінің базасында құрылған өңірлік IT Hub-қа барып, онда креативті жастармен кездесті.

Жастардың мемлекеттік қызметке жұмысқа орналасу мүмкіндіктеріне қатысты сұрақтарына жауап бере отырып, жоғары оқу орындарының мемлекеттік грант бойынша оқыған және GPA түлектеріне аудандық және ауылдық жерлерде төменгі лауазымдарға орналасу туралы заңнамалық өзгерістер туралы хабардар етті.

«Бұл – ең алдымен жастар үшін жасалып отырған жеңілдіктер. Нәтижесінде кейін жас мамандардың ел өңірлеріне оралып, оның дамуына үлес қосуына жол ашпақ. Мемлекеттік қызмет – мамандық таңдамайтынын, онда әртүрлі маман өкілдері қызмет атқара алатынын ерекше атап өткім келеді. Бұл орайда сіздердің де мүмкіндіктеріңіз мол», - деп қорытындылады МҚІА басшысы.

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Дархан Жазықбаев «Ertis» телеарнасына сұхбат беріп, Агенттіктің мемлекеттік қызметті жетілдіру жөніндегі атқарылып жатқан жұмыстары мен алдағы жоспарлары туралы ақпарат берді.

  • 29.09.2023
  • 228
Жазықбай Д.М.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы

Жазықбай Д.М.
(Мұрағат)

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Төрағасы

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика