• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сапаров А.C.
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҚР АШМ түркі инвестициялық қорының құрамында жұмыс тобын құруды ұсынды

16 наурызда түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің (ТМҰ) қатысуымен құрылған Түркі инвестициялық қорының құрамында жұмыс тобын құруды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ұсынды. Бастаманы Бакудегі түркі мемлекеттері агробизнесінің II форумы алаңында вице-министр Әбілхайыр Тамабек жариялады.

Оның айтуынша, жұмыс тобы мемлекеттік органдарды, кәсіпкерлер мен инвесторларды ауыл шаруашылығы саласында біріктіре алады.

«Біз ұйымның әлеуетін пайдалануымыз керек. Бүгін Бакуде өткен кездесулерден кейін жаңа мемлекетаралық байланыстар орнатылып, жаңа жобалар іске асырылатын болады», - деп атап өтті Әбілхайыр Тамабек.

Сондай-ақ, вице-министр Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің көрсеткіштеріне жеке тоқталды. Әбілхайыр Тамабектің айтуынша, қазір елдің басымдықтарының бірі ауыл шаруашылығы шикізатын: ет пен сүтті, картопты, қант қызылшасын, майлы дақылдарды, жемістерді, көкөністерді, тері шикізатын өңдеуге шетелдік инвесторларды тарту болып табылады.

Айта кетейік, Түркі мемлекеттерінің Агробизнес форумы түркі мемлекеттері ұйымына мүше ауыл шаруашылығы министрлерінің II отырысы аясында өтуде. Іс-шара іскерлік және серіктестік байланыстарды орнатуға, сондай-ақ АӨК-де тәжірибе алмасуға ықпал етеді.

Іс-шараға Әзербайжанның ауыл шаруашылығы министрі Меджнун Мамедов, түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы, Елші Кубанычбек Өміралиев, Түркияның ауыл және орман шаруашылығы министрі Ибрагим Юмаклы, Өзбекстанның ауыл шаруашылығы министрі Азиз Войтов, СКТР ауыл шаруашылығы және табиғи ресурстар министрі Хусейн Чавуш, Қырғызстанның ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Мұрат Раматов, саладағы ведомстволардың өкілдері мен кәсіпкерлер қатысты.

  • 01.10.2023
  • 178
Сапаров А.C.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

Сапаров А.C.
(Мұрағат)

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика