• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жақыпова С. Қ.
С. Жақыпова аға буын өкілдерін Қарттар күнімен құттықтады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова еліміздің зейнеткерлерін Қарттар күнімен құттықтап, аға буын өкілдеріне зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, бейбітшілік пен амандық тіледі.

«Ардақты зейнеткерлер, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің атынан сіздерді шын жүректен Қарттар күнімен құттықтаймын! Бұл ерекше күн сіздердің қоғамдағы баға жетпес рөлдеріңізді және оның дамуына қосқан маңызды үлестеріңізді еске салады.

Аға буын өкілдері – еліміздің алтын қоры, отансүйгіштікке, үлкен шыдамдылық пен нық сенімнің нағыз үлгісі болатын даналық пен дәстүрді сақтаушылар. Біз сіздердің жас ұрпаққа беретін біліміңізді ерекше бағалаймыз. Сіздердің еңбекқорлықтарыңыз, отбасы мен қоғам алдындағы адалдықтарыңыз бәрімізге үлгі.

Қарттарға қамқорлық жасау мемлекетіміздің әлеуметтік саясатының негізгі бағыттарының бірі. Базалық зейнетақы төлемі мен мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері жыл сайын инфляция деңгейіне, ал ынтымақты зейнетақы мөлшері инфляция деңгейінен 2%-ға артып индекстеледі. Сонымен қатар, Мемлекет тарапынан зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін жетілдіруге бағытталған шаралар қабылдануда. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларды орындау мақсатында, Әлеуметтік кодекс аясында зейнетақы төлемдерін арттыру жолдары көзделген. Ұсынылған шаралар 2027 жылға дейін базалық зейнетақының ең төменгі мөлшерін кезең-кезеңімен 70%-ға дейін, ал ең жоғары мөлшерін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 120%-на дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан қарттарды қолдауға, оларға әлеуметтік қызмет көрсету деңгейін арттыру мен қоғамдық өмірге тарту бойынша іс-шаралар әзірленуде. Елімізде 79 белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашылып, олар белсенді жұмыс істеуде. Онда қарт адамдар қызығушылықтарына қарай түрлі дәрістер таба алады.

Құрметті қазыналы қарттарымыз, осы айтулы әрі тамаша мереке күні Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, ұзақ ғұмыр, амандық пен береке тілеймін!

Қарты бар үйдің – қазынасы бар. Әр күндеріңіз жақсылыққа, жақындарыңыз бен туыстарыңыздың мейірімділігіне толы болып, Жылдан жылға қуанышты күндеріңіз көп болғай, жүздеріңізден ешқашан күлкі кетпесін», – делінген Светлана Жақыпованың ақжарма құттықтауында.

  • 01.10.2023
  • 165
Жақыпова С. Қ.
(Мұрағат)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика