• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан және ЕАЭО. Бақыт Сұлтанов жылды қорытындылады

Жылдың қорытындылары туралы айтуды жалғастырамыз. Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО).

Келер жылы Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ органдарына төрағалық етеді. Бұл бізге өзекті мәселелерді шешуге және жалпы интеграциялық күн тәртібін ілгерілетуге мүмкіндік береді.

2020 жылы да біз үлкен жұмыс атқардық.

Мен Еуразиялық экономикалық одағында (ЕАЭО) өңірлік сауда жеткіліксіз деңгейде екенін бірнеше рет айттым. Ал корона дағдарысымен одан да бетер төмендеді. Еуразиялық одақ бойынша серіктестермен ішкі тауар айналымы 11,6% - ке қысқарды.

Тауар айналымының төмен болу себебтерінің бірі сауда кедергілері болып табылады.

Биыл біз олардың 8-ін жоя алдық. Сауда кедергілерінің басым бөлігі Рессеймен байланысты. Мысалы, біздің ветеринарлық дәрі-дәрмектер Ресей нарығына кіруіне тыйым алынды, сонымен қатар Мәскеудің тамақ өнімдерін тасымалдауға қойылатын қосымша талаптары алынып тасталды. Қазақстандық өнеркәсіптік тауарлар Ресейдегі Мемлекеттік сатып алуларға қол жеткізе алды және Ресейдің кейбір аудандарында аймақтық сертификаттау тәжірибесін жойды.

Және тағы айтатын жаңалық.

Біз Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Кеңесінде ең сезімтал кедергілерді ай сайын қарау механизмін енгізуге қол жеткіздік.

Бүгін ғана мен Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманың ратификациясын мәжілісте қорғадым. Бұл түзетулер бойынша жұмыс 4 жылдан астам уақыт жүргізілді. Олардың үлкен бөлігі көрші нарықтардағы бизнестің тең жағдайларын қамтамасыз етуге қатысты.

Мысалы, қазір Еуразиялық экономикалық комиссиясы, егер бәсекелестік шарттарының бұзылуын анықтаса, нарық субъектісіне дереу ескерту жасайды. Кәсіпкердің тез арада заңсыздықты тұзеп, қателігін дұрыстап, айыппұлдан құтылуға мүмкіндігі бар. Бұл «жеңілдетілген» құқықтық шаралар деп аталады.

Өтіп бара жатқан жылдың маңызды жетістігі Еуразиялық одақ мемлекеттері басшыларының Еуразиялық экономикалық одағының 2025 жылға дейінгі даму стратегиясын бекітуі болды. Бастапқыда президенттер мамыр айында өтетін онлайн-саммитте құжатқа қол қояды деп болжалды. Бірақ жобада Қазақстан келіспеген «шикі» тармақтардың көп болғаны соншалық, мемлекет басшымвз Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлының ұсынысы бойынша барлық 5 мемлекет құжатты тағы жарты жыл бойы"өңдеді".

Біз стратегияны өзімізге қажетті форматта қабылдауға қол жеткіздік: ұлттық мүдделерге қайшы келетін 246 іс-шараны алып тастадық және 106 іс-шара мен бізге "қажетті" бастаманы енгізуге қол жеткіздік.

Біз қорғап қалған Қазақстанның қағидатты ұстанымы әрбір елдің салықтық, өнеркәсіптік, аграрлық және визалық саясатты қоса алғанда, өзінің ақша-кредит саясатын жүргізуінің егеменді құқығы болды. Сыртқы әлеммен қарым-қатынастарда Еуразиялық экономикалық одағына қатысушы елдердің бірыңғай майданда сөз сөйлеуіне үзілді-кесілді қарсы болдық (және біз өз позициямызды қорғай алдық).

Қазақстан-егеменді ел. Экономикалық интеграция процестеріне қатысу біздің басқа мемлекеттермен өз саясатымызды жүргізу құқығымызды ешбір шамада шектемейтін болады.

Үшінші елдер туралы әңгіме бөлек.

Бүгін Мәжіліс Еуразиялық одақтың Сербиямен еркін сауда туралы келісімін ратификациялауды мақұлдады. Екі жақты тәртіпте бізде, Белоруссияда және Ресейде Белградпен еркін сауда аймағы жұмыс істейді. Енді осы Тәртіпті Одақтың басқа елдеріне де кеңейтудеміз.

Енді біз Сербияға ірімшік, ішімдіктер мен темекіні бажсыз жеткізе аламыз. Айтпақшы, бұл елге қазақстандық экспортты ұлғайту әлеуеті $250 млн-ға бағаланып отыр, бұл мұнай және химия, химия, металлургия, машина жасау, өнеркәсіптің азық-түлік салаларының тауарлары мен құрылыс материалдары.
Ағымдағы жылы Монғолия және Индонезия мемлекеттерімен осындай келісімдер жасасуды зерттеп, қолға ала бастадық. Келісімдерге қол қойылған жағдайда сауданы ұлғайту әлеуетіміз Моңғолиямен - 220 млн$, Индонезиямен - 525 млн$.

Мысыр, Израиль және Үндістан елдерімен еркін сауда туралы келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Біз қазірдің өзінде экспорттық қызығушылық туғызатын тауарлардың тізімін қалыптастырдық. Біздің есептеулеріміз бойынша, тек осы үш елмен келісімдер жасасу кезінде біз тауар айналымымызды 800 млн. $-ға өсіре аламыз, соның ішінде металл бұйымдары, бейорганикалық химия өнімдері, машиналар, жабдықтар, темекі өнімдері, тамақ өнімдері және т.б. экспортын ұлғайту есебінен. Қазақстанның Үндістанға ғана 1800-ден астам тауар түріне (оның ішінде 239 ауыл шаруашылығы және 1646 өнеркәсіп тауарлары) экспортты ұлғайтуға мүмкіндігі бар.

Жалпы, корона дағдарысқа қатысты кедергілерге қарамастан, біз жақсы нәтижелерге қол жеткіздік.

Келесі жылы «барлық жағынан» біз жұмысымызды жалғастырамыз.

  • 05.01.2021
  • 399
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика