- Блогтар
- Нұртлеу М.Ә.
Нұртлеу М.Ә.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі
Қазақстан мен Ұлыбритания СІМ басшылары қазақ-британ ынтымақтастығын дамытудың өзекті мәселелерін талқылады
Нью-Йорк, 2023 жылғы 20 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ұлыбританияның Сыртқы істер, достастық және халықаралық даму министрі Джеймс Клеверлимен келіссөздер жүргізді
Тараптар қазақ-британ ынтымақтастығын дамытудың өзекті мәселелерін талқылап, халықаралық күн тәртібінің негізгі аспектілері бойынша пікір алмасты.
М. Нұртілеу өзара сауданы кеңейтудің қазіргі әлеуетін атап өтті, оның көлемі 2022 жылы 1,8 млрд АҚШ доллар құрады.
Өз кезегінде Дж. Клеверли Астанамен жан-жақты әріптестікті нығайту ниетін растап, барлық деңгейдегі байланыстарды жандандыруға дайын екенін білдірді.
Ұлыбритания Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық әріптестерінің бірі.
Британдық инвестициялардың көлемі 16 млрд астам АҚШ долларын құрайды. Қазақстандық нарықта британдық капиталдың қатысуымен 550-ге жуық компания жұмыс істейді.
- 02.10.2023
- 102