- Блогтар
- Нұртлеу М.Ә.
Нұртлеу М.Ә.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі
Қазақстан мен Польша СІМ басшылары екіжақты ынтымақтастығын дамытудың өзекті мәселелерін талқылады
Нью-Йорк, 2023 жылғы 21 қыркүйек – Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Польшаның Сыртқы істер министрі Збигнев Раумен келіссөздер жүргізді
Тараптар өзара сауданы ұлғайтудың оң динамикасы мен әлеуетін атап өтіп, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
Мұрат Нұртілеу Қазақстан мен Еуропа арасындағы көліктік-логистикалық қатынастардың үздіксіз жұмыс істеу қажеттігіне назар аударды.
Польша Қазақстанның Еуропадағы сенімді серіктесі. Бізде сауда және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуда үлкен әлеует бар. 2022 жылы елдеріміз арасындағы тауар айналымы 1,3 млрд АҚШ долларына жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 80%-ға өсті, – деді Қазақстан СІМ басшысы.
Өз кезегінде Збигнев Рау Еуропалық одақтың «Global Gateway» стратегиясымен өзара іс-қимыл жасауда орта дәлізді бірлесіп дамытуға қызығушылық білдірді. Ол сауда-экономикалық саладағы қолда бар әлеует туралы айтып, екі ел арасындағы іскерлік байланыстарды жандандыруға шақырды.
- 02.10.2023
- 110