- Блогтар
- Нұртлеу М.Ә.
Нұртлеу М.Ә.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі
Иран ядролық бағдарламасы бойынша келіссөздер, Индия, Скандинавия, Орталық Азия сапарлары және жақында болған басқа іс-шаралар
Құрметті достар мен әріптестер!
2013 жыл Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі үшін басынан бастап мазмұнды болды. Атап айтқанда, Мәскеу, Брюссель, Берлин және Каирге ресми сапарларым орын алды. Бұл сапарлар барысында шетел әріптестеріммен жемісті келіссөздер өткізіп, екі жақты ынтымақтастық пен халықаралық күн тәртібіндегі мәселелердің кең ауқымын талқыладым.
24-25 қаңтарда ресейлік әріптесім Сергей Лавровпен кездестім. Кездесу барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы аймақ аралық және шекара маңындағы ынтымақтастық пен қуат және ғарыш салаларындағы үйлестікті күшейту шаралары, сондай-ақ Президенттер Н.Назарбаев пен В.Путин 2012 жылғы желтоқсандағы кездесу барысында қабылдаған 2013-15 жж. арналған Бірлескен іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру мәселелеріне үлкен назар аударылды.
Қазақстан тарабы 2012 жылы қазанда екі елдің Президенттері қол жеткізген келісімдерге сәйкес ҚР Сыртқы істер министрлігі дайындаған ХХІ ғасырдағы тату көршілік және ынтымақтастық жөніндегі екіжақты жаңа келісімнің жобасын ұсынды. Мен оны С.Лавровқа табыстадым. Әріптесім екеуіміз сыртқы саясат саласында екі ел арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған 2013 жылға арналған Ынтымақтастық жоспарына қол қойдық.
Тәуелсіз елдер есебінде жиырма жыл орын алған жақын қарым-қатынас Қазақстан мен Ресей арасында көп жылдарға созылатын стратегиялық әріптестіктің негізін қалады. Енді екі жақты қатынастардың сапасын үнемі жақсартып отыруымыз қажет. 2013 жылға арналған Жоспар шеңберінде жоспарланған кеңестер барлық салалар бойынша ынтымақтастықты әрі қарай нығайтуға мүмкіндік беретініне сенімдімін.
Келісім жобасы Қазақстан мен Ресейдің ғаламдық саяси және экономикалық қоршаған ортадағы өзгерістерге байланысты жаңа қатерлерді шешу бойынша ортақ шараларды жасап шығарудағы ынтымақтастыққа деген талпыныстарын бейнелейді. Күзде қабылдануы тиіс бұл Келісім екі ел арасындағы осы күнгі келісімді нығайтады және ынтымақтастығымызды жоғарырақ деңгейге көтереді. Екі ел әкімшіліктерінің барлық деңгейлерінде сезінетін екі ел басшылары арасындағы жоғары дәрежелі саяси сенім бұған себепші болады. Қазақстан және Ресей арасындағы тиімді әріптестік екі елдің адамдарына өз пайдасын әкелуді жалғастыратынына үміттенеміз.
Кедендік Одақ пен Еуразиялық кеңістік шеңберінде біздің интеграциямыз дамып келе жатыр. Біз 2015 жылдың басында Еуразиялық экономикалық одақ ұйымын қазіргі Кедендік Одақ мүшелері Қазақстан, Беларусь және Ресей көшбасшыларымен келіскендей, қолданысқа жіберуге қол жеткізу мақсатында еуразиялық экономикалық интеграция мәселелері бойынша бірлесе қызмет етеміз деп уәделестік.
Аймақтық қауымдастыққа қатысу Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының маңызды басымдықтары болып табылады.
Мәскеуге барып келген соң, 28 қаңтарда Брююсельде орналасқан Еуропалық Одақтың штаб-пәтеріне жолықтым. Бұл іс-сапар Қазақстан және Еуропалық Одақтың арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылғанына 20 жылдың белгісі болды.
Екікүндік іс-сапардың кезінде Еуропалық Комиссиясының басшысы Жозе Мануэль Баррозу және Еуропалық Парламенті басшысының орынбасары Отмар Караспен кездесу өткіздім. Біздің әңгімеміз жан-жақты мәселелерді, атап айтқанда энергетика және экономика салалардағы ынтымақтастықтан бастап Орталық Азияның қазіргі жағдайын талдауға дейін қамтылды.
Бұл мүмкіндікті пайдалану кезінде, мен Қазақстан мен ЕО арасындағы қарым-қатынастар өте жақсы дамып келе жатқандығы мен аталмыш процесстің тұрақты жүргізіліп, ашық және шынайы пікіралмасуға айналатындығы туралы сенімімді еуропалық серіктестеріме жеткіздім.
"Еуропалық іс-сапар шеңберінде басқа да бірқатар маңызды кездесулер өткізуге мүмкіндігім туды. Атап айтқанда, Орталық Азия бойынша Еуропарламент делегациясының басшысы Паоло Бартолоцци және оның әріптестері, Орталық Азия елдері бойынша ЕО арнайы өкілі Патриция Флор, сыртқы іс-әрекеттердің Еуропалық қызметі бас хатшысының орынбасары Хельга Шмидт, Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы Турбтерн Ягланд және НАТО Бас хатшысы Андерс Фог Расмуссенмен келіссөздер жүргізуге қол жеткіздім.
Талқылау кезіндегі негізгі тақырыптардың мәселелері Қазақстан және Еуропалық Одақ елдері арасындағы дамып келе жатқан екіжақты негіздегі ынтымақтастық және БҰҰ; ЕҚЫҰ және Еуропа Кеңесі сияқты халықаралық ұйымдары аясындағы қарым-қатынастар болды. Еуропалық Одақтағы қазіргі жағдай мен Қазақстан мен НАТО арасындағы ынтымақтастық мәселелері біздің күн тәртібімізде болды. Бірқатар басқа да мәселелер бойынша пікір алмастық, соның ішінде қауіпсіздік, ядролық қаруды таратпау, халықаралық лаңкестік пен қылмыспен күресу салаларындағы ынтымақтастық, сондай-ақ Ауғанстан мен Ирандағы жағдай қарастырылды.
30 қаңтар күні мен үшкүндік сапарыммен Берлинге келдім. Онда менің Сыртқы саясат және қауіпсіздік мәселелері бойынша Ұлттық кеңесші Кристоф Хеусгенмен, Вице-канцлер және Экономика және технология Федералды Министрі Филипп Реслермен, Сыртқы істер министрі Гидо Вестервеллемен және Шығыс Еропа экономикалық байланыстар жөніндегі Германия комитетінің Төрағасы Экхард Кордеспен кездесулерім өтті.
Сонымен қатар, мен Бундестаг сыртқы саясат жөніндегі комитет Төрағасы Рупрехт Поленцпен және басқа да неміс парламент мүшелерімен кездесіп, парламентаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін, сондай-ақ жақында өткен біздің Парламент төрағасы Нұрлан Нығматулиннің сапарының нәтижелерін талқыладым.
Жалпы Берлинде өткен келіссөздерім негізінен Қазақстан мен Германия арасындағы байланыстарды одан әрі нығайтуға бағытталды, атап айтқанда стратегиялық әріптестік туралы келісім әзірлеу, сонымен қоса шикізат жөніндегі үкіметаралық келісімді жүзеге асыру, өнеркәсіп және технология салаларындағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар, біз Қазақстан азаматтары үшін визалық талаптарды жеңілдету мәселесін де талқыға салдық.
Берлинде өткен 5-інші Еуразиялық клуб отырысында мен ғаламдық және аймақтық қауіпсіздік мәселелері жөнінде, Еуразиялық интеграция саласында өз көзқарастарыммен бөлістім. Сонымен қоса мен Батыс пен біздің бөлігіміздің сарапшы топтарын белсендірек тарту арқылы ынтымақтастық үнқатысуын кеңейтуді ұсындым.
Берлиндегі Еуразиялық клуб Қазақстан мен Германия арасындағы, сондай-ақ ЕО-пен кең-ауқымды әлеуметтік-экономикалық мәселелерді талқыға салатын алаң ретінде Президент Н.Назарбаевтың бастамасын іске асыру шеңберінде құрылған болатын. Клуб Қазақстанның Еуропадағы осы тәрізді Еуропалық және Азиялық мәдениеттердің өзара үнқатысуын нығайту мақсатында жаңа мүмкіндіктерді зерттеуге бағытталған алғашқы жобасы болып табылады.
1 ақпан күні мен Мюнхенде өткен қауіпсіздік жөніндегі 49-ыншы конференцияға қатыстым. Еуразия жүрегінде орналасқан Қазақстан Еуропа мен Азияны жалғайтын маңызды көпірге айналғаны аталып өтілді. Бұл саладағы біздің рөліміз артып келе жатқанына мен қуаныштымын. Қауіпсіздік мәселелері жөнінде айта келе мен, Ауғанстан мәселесінің басымдығын ерекше атап өтім. Біз халықаралық коалициялармен қатар тұрақтылық пен бейбітшілік орнатуға бар күш-жігерімізді салып келеміз, бұл өз кезегінде біздің өңірде де, барлық әлемде де қауіпсіздіктің сақталуына жауап береді.
6 ақпан күні мен Ислам ынтымақтастық ұйымының жоғары деңгейдегі 12-інші кездесуіне қатысу мақсатында Каирде сапармен болдым. Екі күндік форум палестиналық мәселе, ИЫҰ кейбір мемлекеттеріндегі қақтығыстар, әсіресе Сирия мен Малидегі, сонымен қатар осы өңірлердегі гуманитарлық жағдайдың нашарлауы секілді маңызды тақырыптарды талқыға салуға жақсы негіз қалады.
Саммит барысында мен тұрақты әлемде, прогресс пен экономикалық дамуда ғаламдық ислам қауымдастығының қажеттілігі туралы Қазақстанның ұстанымын жеткіздім. Біздің ойымызша, тұрақтылық пен ынтымақтастық мұсылман әлеміндегі жан-жақты даму үшін негізгі алдын ала шарт болып табылады. Осыған орай, біз ИЫҰ әлемнің мұсылман қауымдастығына ортақ көзқарастар табуға үлес қосатын маңызды халықаралық және өңірлік қауіпсіздік механизмі болып табылады деп санаймыз.
Саммит аясында мен өзімнің Египет, Ауғанстан, Иран, Индонезия, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан, Түркия елдеріндегі әріптестеріммен және ИЫҰ Бас хатшысы Экмеледдин Ихсаноглумен бірқатар екіжақты кездесулер өткіздім.
Сонымен қатар, осы жылдың алдыңғы екі айы ішінде Астанада бірқатар шетелдік қонақтармен кездесулер өткіздім, соның ішінде екіжақты қауіпсіздік және қорғаныс мәселелерін талқылау мақсатында Италия Республикасының қорғаныс министрі Джампаоло ди Паоломен, әлемдік дәстүрлі және ұлттық діндер өкілдерімен өзара ықпалдастықты одан әрі дамыту, діни білім мәселелерін, сондай-ақ түрлі конфессиялар арасындағы үнқатысу процесстерін қарастыру мақсатында Мәскеулік Патриархат сыртқы байланыс бөлімінің басшысы митрополит Иларион Волоколомскиймен кездестім.
Барлық осы байланыстар жемісті болады деп сенемін. Менің ойымша, менің сапарларым аясында орын алған осы кездесулердің барлығы Қазақстанның Ресеймен, Еуропа елдері мен ИЫҰ мүше мемлекеттерімен достық пен ынтымақтастықты нығайтуға жаңа серпіліс беретін болады.
Тағы бір жағымды жаңалық бар – Қазақстан Иран ядролық бағдарламасы жөнінде "алтылық пен Иран арасындағы келіссөздердің жаңа раундын қабылдайтын болады. Біз Алматы қаласында осындай маңызды келіссөздерді қабылдап, олар жемісті нәтижеге келу үшін барлық қолайлы жағдай туғызуға қуаныштымыз. Әрине, мен, бұл іс-шара бойынша жаңа ақпаратты өзімнің келесі постымда жазатын боламын.
- 17.09.2013
- 14848