- Блогтар
- Көшербаев Е.Б.
Көшербаев Е.Б.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі
Қазақстан мен Бангладеш СІМ басшылары екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады
Нью-Йорк, 2023 жылғы 22 қыркүйек – БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-ші сессиясы барысында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Бангладеш Халық Республикасының Сыртқы істер министрі Абул Калам Абдул Моменмен келіссөздер жүргізді.
Тараптар екіжақты қарым-қатынастардың өзекті мәселелерін қарастырып, бірқатар халықаралық және өңірлік құрылымдар, оның ішінде БҰҰ, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес, Ислам әріптестік ұйымы, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы шеңберінде ынтымақтастықты талқылады.
Келіссөздер қорытындысы бойынша министрлер Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Бангладеш Халық Республикасының Үкіметі арасындағы дипломатиялық және қызметтік/ресми паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды. Аталған құжат екіжақты қатынастардың нығаюына оң үлесін қосады.
Анықтама: Соңғы жылдары екі ел арасында сауда мен экономика салаларындағы ынтымақтастықтың кеңеюі байқалуда. 2023 жылдың бірінші 7 ай ішінде екіжақты тауар айналымы 53,8 млн АҚШ долларға жетіп, өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 133%-ға өсті.
- 02.10.2023
- 217


