• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сыздықбеков Ғ.Ә.
Сыздықбеков Ғ.Ә.

Шымкент қаласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҚАЛА ӘКІМІ ҚАРАТАУ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТЫҢДАДЫ

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Қаратау ауданы тұрғындарымен кездесіп, атқарылған жұмыстармен танысты. Аудан әкімі Рахымберді Мүлкеманов ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішін баяндады.

Жиын басында қала әкімі есептік кездесудің мақсатын жеткізді.

— Кезекті басқосуда сіздермен жүздесіп отырмыз. Халықтың тыныс-тіршілігімен жақыннан танысып, ашық байланыс орнату — Президенттің тікелей тапсырмасы. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының мән-мағынасы осында. Яғни, аудан әкімдері мен басқарма басшыларының жұмыс жүйесін өзгертеміз. Енді тиісті мамандар сіздердің күнделікті тұрмыс-тіршіліктеріңізді біліп, араларыңызда жүріп, мәселелерді бақылайды, — деді қала әкімі. 

Ауданда 18 елдімекен бар, 213 мыңнан астам халық тұрады. Жер көлемі — 19 500 гектар. Аталған аумақта 128 балалар ойын алаңшасы, 70 спорт алаңшасы бар. Ауыз сумен 98 пайыз, электр жарығымен 98 пайыз, ал табиғи газбен 96 пайыз қамтылған. Өткен жылы аудан тұрғындары тарапынан 411 мәселе көтеріліп, оның 357-сі шешімін тапқан. Жыл соңына дейін 21 мәселе шешіледі.

Аудан әкімі Рахымберді Мүлкемановтың есебін тыңдаған қала басшысы сұрақ-жауапқа көшті.

Тұрғындардың ұсыныс-тілектерін тыңдаған қала әкімі: «Сіздер мәселе көтердіңіздер, ал біз оны шешеміз», — деді. Сондай-ақ кей мәселелер бойынша кезек күттірмей, арнайы өзі барып көретінін айтты.

  • 03.10.2023
  • 177
Сыздықбеков Ғ.Ә.

Шымкент қаласының әкімі

Сыздықбеков Ғ.Ә.
(Мұрағат)

Шымкент қаласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика