• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нұртлеу М.Ә.
Нұртлеу М.Ә.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан-Британ әріптестігін жаңа деңгейге шығару мәселесі Ұлыбританиямен Стратегиялық диалогының 7-ші отырысында қарастырылды

Астана, 2023 жылғы 2 қазан – Қазақстан мен Ұлыбритания өзара әріптестікті тереңдетуді жалғастыруда. Аталған бірлескен жұмыстың басымды бағыттары Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Р. Василенконың және Ұлыбритания Сыртқы істер министрінің орынбасары Л. Докертидің қатысуымен Астанада өткен Қазақстан-Британ Стратегиялық диалогының 7-ші отырысы барысында қарастырылды.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті бағыттарын талқылап, халықаралық және өңірлік күн тәртібі мәселелері бойынша пікір алмасты.

Р. Василенко «Қазақстанның Ұлыбританиямен дәйекті және көп қырлы стратегиялық әріптестікті нығайтуын және саяси байланыстардың белсенді дамуын, сауда-инвестициялық ынтымақтастықтың оң динамикасын,
сондай-ақ шарттық-құқықтық базаның кеңеюін құптайды» деп мәлімдеді.

Өз кезегінде Л. Докерти «Қазақстан Ұлыбритания үшін өте маңызды әріптес болып табылатынын, оның ішінде аймақтық диалог пен Еуропамен энергетикалық ынтымақтастық мәселесінде» деп атап өтті.

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары қол қойылуы жоспарланып отырған Стратегиялық әріптестік және ынтымақтастық туралы келісім өзара тиімді мемлекетаралық әріптестікті жаңа сапалы деңгейге шығаратынын атап өтті. Осы орайда, ол екі елдің сыртқы саяси мекемелері деңгейіндегі жан-жақты диалогты ілгерілетуге дайын екенін растады.

Отырыс аясында тараптар өзара іс-қимылдың көлік және логистика, маңызды шикізат, жаңартылатын энергия көздері, экология және денсаулық сақтау сияқты негізгі бағыттарына баса назар аударды.

Р. Василенко білім саласында нәтижелі әріптестік үшін кең мүмкіндіктер бар екенін айтып, Қазақстанда британ жоғары оқу орындарының филиалдарын ашу жұмыстарын одан әрі ұлғайтуға шақырды. Тараптар сондай-ақ Ұлыбританияның Қазақстан және жалпы Орталық Азия туралы мұрағат деректерімен алмасу және зерттеу мүмкіндіктерін талқылады. 

Стратегиялық диалог – Қазақстан-Ұлыбритания ынтымақтастығының негізгі механизмдерінің бірі. Стратегиялық диалогтың бұдан бұрынғы отырысы 2022 жылы желтоқсанда Лондонда екі ел сыртқы саяси мекемелері басшыларының қатысуымен өтті.

Ұлыбритания Қазақстанның маңызды саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық әріптесі болып табылады. Елдеріміз 2022 жылы дипломатиялық қатынастардың 30-жылдығын атап өтті.

Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстан-Британ сауда айналымы 2021 жылмен салыстырғанда 60%-ға өсіп, 1,8 млрд. АҚШ долл. құрады (экспорт – 1,5 млрд., импорт – 384,3 млн.).

Анықтама: Ұлыбритания Қазақстанның маңызды саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық әріптесі. 2022 жылы елдер дипломатиялық қарым-қатынастардың 30-жылдығын атап өтті .

2022 ж. қорытындысы бойынша екіжақты тауар айналымы 2021 ж. салыстырғанда 60% өсіп, 1,8 млрд. АҚШ долл. құрады (экспорт – 1,5 млрд., импорт – 384,3 млн.). Ү.ж. бірінші сегіз айында тауар айналымы 879 млн. жетті (экспорт – 559 млн., импорт – 320 млн.).

Ұлыбритания Қазақстан экономикасына салған ірі шетелдік инвесторлардың бірінші ондығына кіреді. 2022 ж. Ұлыбританиядан Қазақстанға 661 млн. долл., жалпы алғанда
2005 ж. бастап 16 млрд. долл. астам көлемінде ТШИ тартылды. Қазақстанда британ капиталының қатысуымен 600-ге жуық компания тіркелген.

  • 03.10.2023
  • 158
Нұртлеу М.Ә.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

Нұртлеу М.Ә.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика