• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нұртлеу М.Ә.
Нұртлеу М.Ә.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Еуропалық Парламент Қазақстанмен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі

Страсбург, 2023 жылғы 4 қазан - Страсбург қаласында жұмыс сапары аясында Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Еуропалық Парламент (ЕП) депутаттарымен бірқатар мазмұнды кездесулер өткізді.  Кездесулер барысында Еуропалық Одақтың (ЕО) заң шығарушы органымен өзара іс-қимылдың перспективалары және ЕП Сыртқы істер комитетінің (AFET) қазіргі мүшелері дайындап жатқан ЕО-ның Орталық Азия бойынша стратегиясын (2019 ж.) бағалау жөніндегі жаңа баяндамасы талқыланды.

Қазақстан делегациясы ЕП Сыртқы істер комитетінің төрағасы Дэвид Маккалистермен, Орталық Азия және Моңғолиямен ынтымақтастық жөніндегі делегацияның басшысы (DCAS) Томаш Здеховскиймен, Орталық Азия бойынша баяндамашы Карстен Люкемен және Қазақстан бойынша баяндамашы Клемен Грошельмен, сондай-ақ ЕП делегациялары төрағаларының конференция мүшелері Юозас Олекаспен және Андрюс Кубилиуспен кездесулер өткізді.

Тараптар «Қазақстан Республикасы – ЕО» және «Орталық Азия – ЕО» форматындағы саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастыққа қатысты, оның ішінде өзара байланыс және көлік, аса маңызды материалдар, «жасыл» энергетика салаларында кең ауқымды мәселелерді талқылады. Сонымен қатар тараптар 2023 жылғы тамызда өткен ЕП Сыртқы істер комитеті басшылығы мен мүшелерінің ҚР-ға сапарының және 2023 жылғы қарашада Брюссельде ұйымдастырылатын ҚР-ЕО Парламенттік ынтымақтастық комитетінің 20-шы отырысының маңыздылығын атап өтті.

Еуропарламент депутаттары Қазақстанның ЕО үшін стратегиялық маңызды серіктес екенін атап өтті, сондай-ақ ҚР-дың ЕО-ға мүше мемлекеттермен, оның ішінде Германия және Чехиямен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі күш-жігерін құптады.  Олар ҚР-дың жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша жауапты ұстанымы ҚР-ЕО арасындағы әріптестікті нығайту үшін қосымша мүмкіндіктерге жол ашатынына сенімді.

Өз кезегінде Р. Василенко еуродепутаттарды «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» жолдауында айтылған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа бастамалары мен еліміздің саяси жүйесін трансформациялау жөніндегі шаралар туралы хабардар етті.

Еуродепутаттар Орталық Азия мемлекеттерінің өңірішілік ынтымақтастықты тереңдету жөніндегі күш-жігеріне,  АҚШ Президенті Дж. Байденнің қатысуымен өткен соңғы «С5+1» және Федералды канцлер                        О. Шольцтың қатысуымен өткен «Орталық Азия - Германия» форматындағы жоғары деңгейдегі кездесулердің қорытындыларына ерекше назар аударды.

Еуродепутаттар К. Луке мен А. Кубилиус ЕО-ның Орталық Азия елдерімен қарым-қатынастарында, әсіресе білім, ғылым, туризм және жастар алмасуы салаларында мәдени-гуманитарлық құрамды ілгерілетудің маңыздылығын атап өтті. Т. Здеховский «Erasmus+» бағдарламасы бойынша дарынды қазақстандық жастарға арналған білім беру бағдарламаларын белсенді ілгерілетудің қажеттігін атап өтті.

Өз кезегінде AFET Комитетінің төрағасы Д. Макаллистер Қазақстан мен Еуроодақтың ҚР азаматтарына қатысты ЕО визалық режимін жеңілдетуге бағытталған екіжақты уағдаластықтарына қолдау білдірді.

Кездесулердің қорытындысы бойынша тараптар жан-жақты ынтымақтастықты дамыту мақсатында және Еуропалық Парламенттің жоғарыда аталған баяндамасын дайындау шеңберінде белсенді диалогты жалғастыруға уағдаласты.

Анықтама: Еуропалық Парламент - Еуропалық Одақтың заң шығарушы және атқарушы органы. Еуропалық Одаққа мүше барлық 27 мемлекеттің атынан қатысатын және 7 саяси (партиялық) топқа біріктірілген 705 депутаттан тұрады. Ай сайын еуродепутаттар Страсбург қаласында (Франция) өтетін Еуропалық Парламенттің көшпелі пленарлық сессияларына қатысады.

  • 06.10.2023
  • 244
Нұртлеу М.Ә.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

Нұртлеу М.Ә.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика