- Блогтар
- Нұртлеу М.Ә.
Нұртлеу М.Ә.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі
Ыстамбұл үдерісі, Испания, Португалия сапарлары, басқа ішкі және сыртқы маңызды іс-шаралар туралы
Ауғанстан жөніндегі Ыстамбұл үдерісі мүше мемлекеттерінің 3-ші министрлік конференциясы
Сәуірдің 26, Алматыда Ауғанстан жөніндегі Ыстамбұл үдерісі мүше мемлекеттерінің 3-ші министрлік конференциясының жұмысына қатыстым. Жалпы, тараптар Ауғанстан бойынша ын¬тымақтастық жоспарларын қол¬дайтынын растады.
Конфренция қатысушылары іс-шара нәтижесі бойынша конференцияның қорытынды декларациясын қабылдады. Онда тараптар аймақтың экономикалық және саяси өміріне қайта араластыру мақсатында Ауғанстанға қолдау көрсетуді жалғастыра беруге деген өз ниеттерін жеткізді. Бұл іс-шараның маңыздылығы Ауғанстан өзінің көрші мемлекететтерден оқшауланбайтынына сенім арттырады.
Іс-шараның қорытындысы бойынша Конфренция қатысушылары саяси үнқатысудағы ұста¬ным¬дарын үйлестіруге, сонымен қатар, білім беру, экономика салаларында өзара ықпалдастықтың, лаңкестік пен есірткі тасымалдау¬мен, стихиялық апаттардың салдарымен күресудің нақты шара¬ла¬рын анықтауға, сондай-ақ өңірлік инфрақұрылымды дамытуға нақты шараларды белгіледі. Қолдаушы елдер мен халықаралық ұйымдар тарапынан аймақ елдерінің ниеттерін толығымен қолдап және оның үстіне олардың Ауғанстан мүддесі үшін ынтымақтасу шараларын дамытуға қатысуының пішіндері мен шарттары анықталды.
Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы жаңа те¬мір жолдың ашылуы
11 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев және Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов халықара¬лық темір жол учаскесінің қазақ елінен бастау алатын Бо¬лашақ станциясы (Қазақстан) мен Серхетяка станциясында (Түрікменстан) тікелей ха¬лықаралық темір жол өткелін салтанатты түрде ашты.
Бұл іс-шара Қазақстанның экспорт бағыттарын кеңейтудегі маңызды қадам.
Бастапқы кезеңде жаңа темір жол екі ел арасындағы ауыр жүктер үшін және аймақта транзиттік жүктердің тасымалдануы үшін қолданылады. Уақыты жеткенде, жолаушы поездарда осы темір жол бағытында жүре бастайды. Бұл темір жол уақыттың үнемдеуіне, сонымен қоса Орталық Азиядағы сауда деңгейінің арттыруына үлкен әлеуеті бар Таяу Шығысқа жаңа транзиттік дәлізді ашуға мүмкіндік береді.
Испанияға сапар
13-14 мамыр аралығында Испанияда ресми сапармен болдым.
Сапар кезінде Испания Королі І Хуан Карлоспен, Испания Сенатының төрағасы Пио Гарсиа-Эскудеромен, Испания депутаттар Конгрессінің төрағасы Хесус Посадомен, Испания Сыртқы істер министрі Хосе Мануэль Гарсиа-Маргальомен және испаниялық жетекші компаниялар басшыларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткіздім.
Кездесу барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету, Қазақстан экономикасына жаңа технологиялар мен инвестицияларды тарту мәселелеріне назар аудардым.
Испания Королі І Хуан Карлоспен кездесуімнің барысында Испанияның инфрақұрылым мен көлік және коммуникация салаларындағы жобаларды іске асыру тәжірибесімен алмасуға әзір екендігімізді білдірдім. Испанияның бірқатар ірі компанияларының, соның ішінде «Talgo», «Airbus Military» және басқа да индустриялды алыптардың Қазақстанда белсенді жұмыс жасап жүргені кездейсоқтық емес.
Сенат төрағасы Пио Гарсия-Эскудеро, Испания Қазақстанмен сауда және іскер қарым-қатынастарға үлкен маңыз беретінін жеткізді. Оның айтуынша, Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі екі мемлекет арасындағы экономикалық ықпалдастығына жаңа серпіліс береді. Соңғы жылдары Испания екі рет «ЭКСПО» өткізуші ел болды (Севилья-92 және Сарагоса-2008) және жергілікті компаниялар Астанада өтетін ЭКСПО 2017 көрмесіне дайындық пен өткізу шараларында белсенді араласуға әзір.
Сыртқы істер министрі Х.Гарсия-Маргальомен кездесуім аясында Испания Премьер-министрінің және жоғары лауазымды тұлғаларының Астанаға сапарларын дайындау, және де, екі және көпжақты мемлекетаралық мәселелерін талқыға салдық. Оған коса, Қазақстан мен Испания сыртқы істер министрліктері арасындағы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойдық.
Сонымен қатар, Мадрид қаласында Дүниежүзілік туризм Ұйымының атқарушы директоры Золтан Самоджимен кездесу өткіздім. Туризм Қазақстан экономикасы үшін өте маңызды салалардың бірі болып саналады.
Менің «The El Pais» газетіне берген сұхбатымды осы (ссылка) сілтеме арқылы оқи аласыздар. Ағылшын тіліндегі аудармасы осы жерде. (ссылка)
Португалияға сапар
Испаниядан кейін, келесі сапарым Португалияға бағытталды. Сонда, мен Португалияның Президенті Анибаль Сильва, Ассамблея Президенті Мария Стивс, сыртқы істер министрі Пауло Портас және көсемді іскерлі азаматтармен кездестім. Лисабонда менің әңгімем екіжақты сауданы кеңейту, экономика және инвистиция ынтымақтасу арқылы сыртқы саясаттың экономикалық құрылымдарын күшейту жөніне арналған.
Әсіресе, біз Португалияның инфроқұрылым, транспорт, фармацептика, және мемлекеттік-жекеменшік салаларындағы алғашқы әріпестігін талқыладық. Ал Португалия тарапы, Қазақстанның жеке инвистициаларын баулуына, (тартуына, назар аударуына) үлкен қызығушылықтарын білдіріп көрсетті.
Сонымен қатар, біздің қарымқатынастарды, оның ішінде экономика ынтымақтасуы, туризм және қосжақты салық төлемін алдын алуды және де тағы басқа мәселелерді, заңды түрде келтіруге тиіс бірнеше қатар маңызы бар құжаттарды талқыладық. Бұдан әрі, екіжақты ынтымақтастықты қеңейту мақсатымен мемлекетаралық сауда Комиссияны құруға қажеттілігіне келісімге келдік.
Алайда, Қазақстан азаматтарына виза рәсімдеуін жеңілдету мәселесі талқылаудың бөлек орнын алды. Португалия тарапынан екіжақты және көпжақты түрде де келіссөздер жүргізу арқылы шенген мәселесін шешіп беруге көмегін сұрадым.
Сонымен қатар, мен кәзіргі қонақжайлыққа және ерекшілілікке қалыптасқан ЭКСПО-98 нысандарды көруге бардым. Мысалы, мұхит зертеу павиллионі Лисабон мұхиттану нысанына қалыптасты, Ұлттық парк қала паркі болды, ал басты кіреберіс ғимараты ең үлкен сауда орталығына айналды. Осының бәрі қалай жасалғаны және де ЭКСПО-2017-ге үлескен инфроқұрылым инвистициасы ұзақ мерзімді пайда беретіне сенімді болуына біз үшін өте маңыз. Өздерінің алған тәжіребиесін Португалия әріптестеріміз бізбен қуанышпен бөлісуге келісті. Лисабонда мен «The Expresso» БАҚ өкілдерімен сұхбаттастым. Мен берген сұхбаттың барысында айтылған сөздерімен осында (ссылка) толығырақ таныса алаласыз. (Португалия елінің тілінде жазылған)
Бішкектегі Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының кездесулері.
Мамыр айының 27-сі күні Бішкекте өткен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бірқатар кездесулерге қатыстым.
Кездесулер барысында ұйымының қәзіргі жұмыстарын және басылымдылықтарды талқыладық, оның ішінде сыртқы саясаттың үйлестіруын жетілдіруы да бар. Сонымен қатар, лаңкестік, экстремизм және шекараны ұйымдастырылған қылмыстықпен өтуіне қарсы күрес ынтымақтастық, ақпарат қауыпсіздық және шекара қауыпсыздық мәселелер туралы пікірлерімізбен алмастық.
Астана экономикалық форум
Мамыр айының 21-і мен 24-ті күндер аралығында Астана экономикалық форум өткіздік және Біріккен ұлттар ұйымы дүниежүзілік дағдарысқа қарсы конференциясын өткізілді.
Астана экономикалық форумда біруақытта 85 уақиғалар өтті, оның ішінде 45 басты форумдар, 13 субфорумдар және 27 ақпараттық уақиғалар орындарын алды.
Форум барысында, 100-ден аса екіжақты және көпжақты кәсіпорындарының кездесулері өтіп, нәтижесінде 2,7 миллион АҚШ долларға жуық 85 меморандумадарға мен келісімшарттарға қол қойылды.
Әдеттегідей, форум қатысушылары G20 мемлекет қатысушыларға (мүшелеріне) ұсыныстарын қабылдады.
Жаһандық дағдарысқа қарсы конференциясы БҰҰ-ның тұғырнамасы ретінде болып, халықаралық одақтың жаһандық қаржы және экономикалық қиыншылықтарды тиімді және табысты шешімінде жауапкершілігін арттырады.
Жаһандық дағдарысқа қарсы конференциясы қаржы және экономика министрларының, орталық банктардың бірінші басшылардың және 104 мемлекеттің сарапшылардың деңгейінде өтті.
Конференцияда айтылған мәселелерді талдап, талқылап және жаһандық экономикалық және қаржы қауыпсіздігінің әлеуетті қиыншылқтарын жеңілдетуге бірнеше шешімдер ұсынды.
БҰҰ бас ассамблеясының 67-ші сессияның Президенті Вулк Джеремик үндеуінде сыртқы зияндарды азайту кажеттілігін белгілеп және қауыпқатерлерді басқару тәжіребиесін және қатал қадағалау әдістер арқылы жауапті және ашық түрде нормативтік-құқықтық базаны орындау қажеттілігн айта кетті. «Дағадырсқа қарсы конференциясы жаһандық экономикалық және қаржы жүйесін теңдестіру бағытында үлкен маңызын білдіреді» - деді Джеремик.
Жаһандық дағдарысқа қарсы конференция шегінде 10 іс-шара өткізілді, сонымен қатар G20-да Ресейдің төрағалық уақиғасын және БҰҰ сауда және даму жөніндегі конференциясының соңғы 50 жылдың әлемнің дамуына арналған меретойлық асы ұйымдастырылды.
АЭФ және ЖДК-да 10 мыңнан астам делегациа қатысты, оның ішінде 136 мемлекеттен келген 3200 шетел қатысушылар болды.
Уақиғада 10 Нобель сыйлығының лауреаттары қатысты. Қосымша, АЭФ және ЖДК-ның қатысушылары 8 университеттінің жергілікті студенттермен кездесті. Олардың сөздері мен үндеулері онлайн түрде бүкіл мемлекетің 25000 түлектерге және студенттерге көрсетілді.
Еуропалық Комиссия Төрағасы Баррозуның Қазақстанға сапары
3 маусымда Жозе Мануель Баррозу жұмыс сапарымен алғаш рет Қазақстанға келді.
Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуі барысында екі жақ Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Сапар қорытындысы бойынша Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне қатысты бірнеше келісімдерге қол қойылды. Баррозу Еуроодақ Қазақстанның экономиканы «жасылдандыру» және одан әрі әртараптандыру саясатын қолдайтынын мәлімдеді.
Латвияның Президенті Андрис Берзиньштің Қазақстанға сапары
3 маусым күні Президент Нұрсұлтан Назарбаев Латвияның Президенті Андрис Берзиньшпен кездесіп, екі ел арасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге бағытталған екі жақты әріптестіктің өзекті мәселелерін, соның ішінде сауда-экономикалық, транспорт және транзиттік ынтымақтастық тақырыптарын талқылады.
Қазақстан мен Латвия НАТО-ның Солтүстік үйлестіру жүйесіне қатысады. Екі ел сонымен қатар тығыз сауда байланстарын орнатқан. Бүгінгі күні Қазақстанда барлығы 135 бірлескен компаниялар жұмыс істейді. Латвиямен сауда айналымы 345 миллион АҚШ долларына тең және Балтия елдері арасында ең жоғары болып табылады.
Босқындарды қорғау мен халықаралық көші-қон мәселелері жөніндегі министрлік конференциясы: «Алматы үдерісі»
5 маусым күні Алматыда өткен босқындарды қорғау мен халықаралық көші-қон мәселелері жөніндегі екінші министрлік конференциясы, «Алматы үдерісіне», қатыстым.
Алматылық үдеріс шекаралық бақылау мен қауіпсіздік, сонымен бірге қажеттілігі бар адамдар үшін баспана мүмкіндігін қамтамасыз ету механизмдерін жасап шығаруда маңызды рөл атқарады.
Алматы үдерісінің екінші конференциясына Орталық Азия мен көршілес өңірлердің 12 мемлекет өкілдері, сондай-ақ донор-елдер мен БҰҰ жүйесіндегі халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Олардың негізгі мақсаты - аралас көші-қон мен босқындарды қорғау мәселелерін шешуге бағытталған ортақ іс-қимылдарды жасап шығару.
Қазақстанның БҰҰ Босқындар істері жөніндегі комиссарының офисімен сәтті ынтымақтастығын ескере отырып, осы офистің Комиссары Антонио Гуттеришпен кездестім.
Сонымен бірге, Көші-қон жөніндегі Халықаралық ұйымның (КХҰ) Бас директорының орынбасары Лора Томпсонмен кездестім. Қазақстандағы КХҰ өкілдігі қазақстандық мүдделі министрліктері мен ведомстволарымен тығыз байланыста бола отырып, заңсыз көші-қон, мигранттар құқығы, адам трафигі секілді мәселелерді шешу процессінде айтарлықтай үлес қосып келеді.
Президент Назарбаевтың Өзбекстанға сапары (13-14 маусым)
Сапар барысында Елбасы Өзбекстанның Президенті Ислам Каримовпен кездесті. Екі елдің басшылары экономика, ғылым, технологиялар және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықты талқылады. Сонымен бірге олар өңірлік және халықаралық өзекті тақырыптар бойынша пікір алмасты.
Екі президент Қазақстан Республикасы Елшілігінің жаңа ғимаратының және қазақтың ұлы ақыны, композитор, философ Абай Құнанбайұлының ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты.
Сапар барысында Президент Назарбаев Астана мен Ташкент арасындағы тиімді ынтымақтастық аймақтағы тұрақты экономикалық дамуы мен қауіпсіздігі үшін өте маңызды екенін атап өтті. Сапардың қорытындысы бойынша екі тарап бірқатар құжаттарға, соның ішінде Стратегиялық әріптестік келісіміне, қол қойды.
Өзбекстан Қазақстанның Орталық Азиядағы ең маңызды стратегиялық әріптесі болып табылады. Бүгінгі күні екі жақты сауда айналымы өткен жылмен салыстырғанда 30 пайызға өсті.
Министрлікте өткен іс-шаралар
30 сәуірде біз 20 жаңа қызметкерлерді Қазақстанның дипломаттары қатарына қарсы алдық. Мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес олар Қазақстан Республикасының Конститутциясын және заңын сақтауға, Қазақстан халқына адал және біліктілікпен қызмет етуге, мемлекет мүдделерін қорғауға және Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын жүргізуге салтанатты түрде ант берді.
Қазақстанның халықаралық сахнадағы рөлінің өсуі дипломаттарымыздан жоғары жауапкершілікті талап етеді. Сондықтан да талантты адамдарды жұмысқа тартуды жалғастыруымыз керек.
Бүгін, ү.ж. 7 маусым күні Сыртқы істер министрлігі ғимаратында көрнекті қазақ дипломаты Нәзір Төреқұлұлының 120 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Конференцияның негізгі мақсаты – Қазақстанның кең қоғамдастығын әйгілі мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым-шығыстанушы, дипломат - Н.Төреқұлұлының өмірі және қызметімен таныстыру болды.
Аталған конференция арқасында, жас дипломаттар Қазақстан тарихына үлкен үлес қосқан ерекше тұлға туралы ақпарат алуға мүмкіндік берді. Н.Төреқұлұлы КСРО-ның Сауд Арабиядаға ең бірінші елшісі болды (1932-36). 1937 жылғы шілдеде ол Кеңес өкіметімен қамауға алынып, сол жылы өлім жазасына кесілді.
Басқа іс-шаралар
15 мамыр күні Мекленбург – Алдыңғы Померания федералдық жерінің астанасы Шверин қаласында Қазақстанның екінші Экономика күні өткізілді.
Экономика күні Стратегия-2050, Қазақстанның үдемелі индустриалды-инновациялық дамуының Мемлекеттік бағдарламасының негізгі басымдықтары, сондай-ақ ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өткен жылғы ақпан айында Германияға жасаған сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтары контекстінде ұйымдастырылды.
Ү.ж. 20 мамырда Венаның атақты Концерт сарайының Үлкен залында Құрманғазы атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық ұлттық халық аспаптары оркестрінің Гала-концерті өтті. Концертті Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед ашты. Концерт барысында жұртшылық назарына қазақ композитерлері мен әлемдік классиктердің туындылары ұсынылды. Көрермендер қазақстандық орындаушылардың өнеріне тәнті болып, өздерінің алғысын ұзақ шапалақтаумен білдірді.
11 маусымда Астанада алғашқы ресми сапармен жүрген Испанияның қорғаныс министрі Педро Моренеспен кездесу өткіздім. Кездесу барысында екіжақты стратегиялық әріптестіктің бірқатар мәселелерін, оның ішінде әскери-техникалық ынтымақтастық, аймақтық қауіпсіздік және халықаралық ұйымдар шеңберінде өзара әрекеттестікті талқыладық.
13 маусымда Словения Республикасының Премьер-министрінің Орынбасары, Сыртқы істер министрі Карл Эрьявецпен оның Қазақстанға жасаған сапары шеңберінде кездесу өткіздік. Кездесу барысында Қазақстан мен Словенияның қазіргі таңдағы жағдайын, саяси және экономика салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың келешегін, халықаралық күн тәртібін, халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара әрекеттесуді талқыладық.
Сонымен бірге, химиялық өнеркәсіп, құрылыс, жоғары технологиялар саласындағы ынтымақтастықты күшейтудің маңыздылығына келісіп, туризм саласындағы әріптестіктің келешегі туралы жан-жақты пікір алмастық.
Дэвид Кэмеронның Қазақстанға сапары
Ұлыбританияның Премьер-Министрі Дэвид Кэмеронның 30 маусым – 1 шілде кезеңіндегі Қазақстанға сапары соңғы уақытта орын алған шаралардың ішіндегі ең маңыздысы болып табылады. Бұл британдық Премьер-Министрдің Қазақстанға алғашқы сапары болғандықтан шынымен де тарихи оқиғаға айналды.
Кэмеронның бағдарламасы Атыраудан басталды. Осы қалада британдық үкімет басшысын Президент Назарбаев қарсы алды. Екеуі тікұшақ арқылы Қашаған кен орнына барып, «Болашақ» зауытын іске қосу рәсіміне қатысты.
Келесі күні Кэмерон Астанадағы Назарбаев Университетіне барып, өзекті мәселелерге сөз сөйледі. Бұдан кейін Премьер-Министр Президент Назарбаевпен Ақордада кездесті.
Президентпен екеуі сауда, Қазақстан экономикасына бағытталған британдық инвестицияларды әртараптандыру, жаңа технологияларды тарту, сонымен бірге британдық бизнестің ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық және өткізу жұмыстарына қатысу мүмкіндігі сияқты екі жақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Кездесуден кейін Премьер-Министр «Отан қорғаушылар» монументіне гүл салу рәсіміне және Қазақстандық-Британдық бизнес конференциясына қатысты.
Сапар барысында бірқатар екі жақты құжаттарға қол қойылды, соның ішінде Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы стратегиялық әріптестік жөніндегі бірлескен мәлімдеме және кен ісі, мұнай және газ, химия саласы, инновациялар, денсаулық сақтау және білім салалары бойынша оннан асқан келісімдер қабылданды.
***
Құрметті оқырмандар! Сіздердің пікірлеріңізді естуге үнемі қуаныштымын. Оларды «Хат жазу» секциясы арқылы жібере аласыздар. Жаңалықтарымыз туралы, сондай-ақ, Твиттер (@MFA_KZ), Flickr, YouTube, және Facebook арқылы біле аласыздар.
- 17.09.2013
- 14893