• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жақыпова С. Қ.
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
С. Жақыпова техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде кадрлар даярлау туралы баяндады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова ҚР Үкіметінің отырысында Ұлттық біліктілік жүйесін дамытуды ескере отырып, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде (бұдан әрі – ТжКБ) кадрлар даярлау туралы айтты.

ЕХӘҚМ басшысы сөз басында жұмыспен қамтылған халықтың жартысына жуығында (9,1 млн адамның 4,4 млн-ы) кәсіптік-техникалық білімі бар екенін атап өтті. Сондықтан ТжКБ жүйесіндегі білім сапасы бүкіл экономикадағы өнімділікке және халықтың табысына айтарлықтай әсер етеді. Бүгінгі таңда Қазақстандағы өнімділік дамыған елдерден орта есеппен 4 есе, Норвегиядан – 7 есе, Германия, Франция, Финляндия, Ұлыбритания, Италиядан – 5 есе артта қалып отыр.

«Кәсіптік-техникалық білімі бар азаматтар негізінен сауда (19%), өнеркәсіп (16%) және ауыл шаруашылығы (13%) салаларында жұмыс істейді.

Біздің ақпараттық жүйелеріміздің мәліметтері бойынша, өнеркәсіп, денсаулық сақтау, көлік және құрылыс саласында жұмыс істейтіндер ең жоғары табыс пен өнімділікке ие. Бұл ретте 2022 жылғы жұмысқа орналастырылған түлектердің 57%-ы өнімділігі төмен салаларда жұмыс істейді, бұл тиісінше олардың табысына әсер етеді», – деді Светлана Жақыпова.

Министр ТжКБ түлектеріне ағымдағы қажеттілік көрсеткендей, Электронды еңбек биржасында анағұрлым сұранысқа ие маркетинг, сату, әкімшілендіру, АТ (ақпараттық технологиялар) және көлік пен құрылыс салаларындағы жұмыскерлер екенін айта кетті. Бұл салалар барлық ағымдағы қажеттіліктің 43% құрайды.

«2030 жылға дейінгі перспективада экономиканың кадрлық қажеттілігі 1,8 млн қызметкерді құрайды, оның 53%-ы немесе 976 мыңы техникалық кәсіптік білімі бар мамандарға тиесілі.

«Атамекен» ҰКП жүргізген сауалнамаға сәйкес, ТжКБ қызметкерлеріне деген сұраныс жоғары білімді қызметкерлерге деген сұраныстан екі есе басым. Оларға қажеттілік, әсіресе, Астана және Алматы секілді ірі қалаларда, сондай-ақ Қарағанды мен Шығыс Қазақстан облыстарында көбірек болып отыр», – деді Светлана Жақыпова.

ЕХӘҚМ басшысы цифрлық технологиялардың дамуына байланысты көптеген мамандықтар өзгеріске ұшырайтынын және жаңа дағдыларға қажеттілік туындайтынын атап өтті. Мәселен, жаңа кәсіптер мен құзыреттер атласына сәйкес, жақын арада Қазақстанда 239 жаңа мамандық пайда болуы мүмкін. Осыған байланысты бүгінгі күннен бастап болашақ кардларды алдын ала дайындай беру қажет.

«Білім беру жүйесінің еңбек нарығы сұранысымен өзара байланысын қамтамасыз ету үшін Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту жұмысын жалғастырамыз. «Кәсіптік біліктілік туралы» Заң қабылданды және тиісті цифрлық платформа іске қосылды. Бүгінде 623 кәсіптік стандарт қабылданды, олар 3 мыңға жуық кәсіпке қатысты жұмыс берушілердің талаптарын айқындайды. 2025 жылға дейін тағы 400 кәсіптік стандарт әзірленетін болады. Қолданыстағы кәсіптік стандарттар негізінде ТжКБ деңгейінде 4,1 мың білім беру бағдарламасы енгізілді», – деді Светлана Жақыпова.

Министр студенттердің өндірістік тәжірибесінен өту және түлектерді жұмысқа орналастыру Электрондық еңбек биржасы арқылы жүзеге асырылатынын айтты. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім министрліктерінің ақпараттық жүйелерін интеграциялау студенттерге тағылымдамадан өту орнын таңдауға және болашақ жұмысқа орналасу үшін портфолио қалыптастыруға мүмкіндік береді. Түлектерді жұмысқа орналастыру мониторингі еңбек шарттарын жасасу және зейнетақы аударымдарының болуы туралы мәліметтер негізінде жүзеге асырылады.

  • 10.10.2023
  • 132
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Жақыпова С. Қ.
(Мұрағат)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика