- Блогтар
- Сыздықбеков Ғ.Ә.
Сыздықбеков Ғ.Ә.
Шымкент қаласының әкімі
170 ШЫМКЕНТТІК ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТЫ АРҚЫЛЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ
Шымкентте 170 отбасы тұрғын үй сертификаты арқылы баспаналы болды. Олардың 76-сы көпбалалы, 16-сы толық емес, 74-і мүгедек балалары бар немесе мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға және төртеуі мемлекеттік қызметкерге берілді.
Талаптарға сәйкес қайтарымсыз 1 млн. теңге әлеуметтік көмек ретінде өтініш берушінің және отбасы мүшелерінде ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 көрсеткішінен соңғы 6 ай ішінде орташа табысы 125 757 теңгеден аспаған жағдайда, мемлекеттік бағдарлама аясында«2-10-20 Бақытты отбасы», «5-10-20» «Шаңырақ» бағыттары шеңберінде несие беріледі. Зейнетақы аударымдары, жеке табыс салығы және өзге де міндетті аударымдар есептелмейді.
P.S.: Өтінімдер www.kezekte.kz интернет ресурсы арқылы қабылдануда.
- 11.10.2023
- 107