- Блогтар
- Сыздықбеков Ғ.Ә.
Сыздықбеков Ғ.Ә.
Шымкент қаласының әкімі
ШЫМКЕНТТІҢ КӨШЕЛЕРІ ЖАҢАРУДА
Шымкентте жолдардың сапасын арттыру мақсатында арнайы мониторинг жүргізілді. Нәтижесінде 31,1 шақырымды құрайтын 15 көше орташа жөндеуден өтуде.
🔷Бүгінде 14 жылдан бері жөндеу көрмей тозы шыққан Дулати көшесі жаңарды, яғни Рысқұлов-Тәуке хан даңғылына дейінгі 3,2 шақырым жолға асфальт төселді. Сонымен қатар магистрал көшенің жол жамылғысы толық жаңартылып, жаяу жүргіншілерге арналған жол, арнайы таңбалар салынды.
🔷Жалпы, қаламыздың жол инфрақұрылымын дамыту мақсатында бекітілген жоспарға сәйкес жыл соңына дейін жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайы 71,2 пайызға жеткізіледі.
- 12.10.2023
- 149