- Блогтар
- Нұртлеу М.Ә.
Нұртлеу М.Ә.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі
Жазғы күндері мазмұнды және нәтижелі болды.
Менің атсалысып қатысқан аса маңызды оқиғаларым бейнеленген блогымның оқырмандарына мың алғысымды білдіремін. Жазғы күндері мазмұнды және нәтижелі болды. Қыркүйек - әлемде ең жұмысқа басым ай: білім алушылар каникулдан кейін күнделікті оқу тәртібіне оралады, ал жаз ыстығының орнына күзгі салқындық келеді. Қазақстан қыркүйекте тамаша болып келеді, ол керемет уақыт және еңбек және апталық демалыс үшін ең ұтымды орын болып табылады. Біз үшін қыркүйек айы халықаралық салада оқиғаларға бай болуға үміт артады. Әрі қарай мен жаздың соңғы айларында көрініс тапқан қызметіміздің басты сәттерін атап өтемін. Сіздердің пікірлеріңді әрдайым күтудемін.
АҚШ-қа іс-сапар
8 және 12 шілде аралығы кезеңінде мен ізгі ғанибетпен Америка Құрама Штаттарында Министр ретінде ең бірінші ресми сапарымды өткіздім. Әсіресе, Вашингтонға сүйсіне оралдым, себебі мен үшін Вашингон керемет қала, Елші болған 6 жыл уақытымда мен оны үйімдей таныдым. Хатшы Керри Массачусетс штатының аураханасында ауруға шалдыққан жұбайының қасынан шықпағандықтан (шынайы бақытыма орай, қазір бәрі жақсы, оның денсаулығы оңалып келеді), біз онымен кездесе алмаған едік. Оған қарамастан, біз телефон арқылы нәтижелі әңгімелестік. Мен оның жұбайына тезірек сауығуына тілек білдірдім. Өз ретінде, хатшы Керри Қазақстанды Иранмен "P5+1 келіссөздерін ұйымдастыруы, Ауғанстанның экономикалық дамуына қосқан үлесі және АҚШ-пен қауіпсіздік ынтымақтастығы жөніндегі әрекеттеріндегі ынтымақтастығы үшін өз алғысын айтты. Сонымен қатар, ол Қазақстанның "жасыл экономикаға өтуіне қызығушылық білдіре отырып, және біздің екіжақты стратегиялық серіктестігімізге шынайылылық ұстанымын растады.
Вашингтондағы ең алғашқы іс-шара – қазіргі уақытта Қазақстанда іс жүргізіп жатқан АҚШ-тың ірі компанияларының басшыларымен кездесу болды.
Олар ҚР Президенті Н.Назарбаевпен ұсынылған "Қазақстан-2050 стратегиясы, еліміздің ішкі инвестициясы және "жасыл экономикаға бет бұруымыз туралы жаңалықтарға қызығушылық танытты. Біздің ұзақ мерзімді жоспарларымыз Қазақстанды бизнес және инвестиция тартымдылығы үшін сенімді іскер серіктес ретінде көрсетеді. Мен АҚШ-тың жетекші корпорацияларын Қазақстан Республикасындағы инфрақұрылым мен технологиялардың дамуын қолдауға, сондай-ақ 2017 жылы Астана қаласында өтетін ЭКСПО халықаралық көрмесіне қатысуға шақырдым. ЭКСПО-2017 тақырыбы – "Болашақ энергиясы. Біз жер шарыны, жұмыс жаңартпасы мен әдісін өзгертуге бағытталған өндірістік технологияларды демонстрациялауға ниеттеміз, сонымен қатар біз үздік американдық сарапшылар мен компанияларды аталған ісімізде қатысады деген үміттеміз.
Мен жоғары лауазымды құзіретті тұлғалармен, атап айтқанда Энергетика министрі Эрнест Мониз, Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші Сюзан Райс пен оның орынбасары Энтони Блинкен және АҚШ-тың Сауда өкілі Майкл Фроман мен оның орынбасары Уильям Бернспен кездесу өткіздім. Біз екіжақты ынтымақтастықтың жан-жақты шоғырланған мәселелері, соның ішінде әскери-техникалық ынтымақтастық, сауда, жаппай қырып-жою қару-жарағын таратпау, аймақтық және халықаралық қауіпсіздік, сондай-ақ Ауғанстанда бейбіт өмір орнату сияқты мәселелерді талқыладық.
Қорғаныс министрі Чак Хейгельмен кездесу шеңберінде, біз "Жібек жолының жаңа аймағы өзара ынтымақтастығы мен қауіпсіздігін талқыға салдық. Ч.Хейгель барысында Во время моей встречи с министром обороны Чаком Хейгелем, мы обсудили направление взаимного сотрудничества и безопасности "нового региона шелкового пути. Ч. Хейгель Қазақстанды солтүстік жолдары арқылы тасымалдау бойынша жүктердің толассыз қозғалысын қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы үшін алғысын білдірді. Біз екі мемлекеттің Қорғаныс министрліктері арасындағы 2013-2017 жылдарға арналған бесжылдық жоспары аясындағы табысты ынтымақтастығын растадық, сонымен қатар қауіпсіздік басшыларының ынтымақтастықты арттыру мақсатында айырбас іс-сапарларына да келісімімізді бердік.
АҚШ-тың сауда өкілі Майкл Фроманмен Қазақстанға кейбір азық-түлік өнімдерін жеткізу, сауда және инвестиция туралы шеңберлік келісім-шарттарды іске асыру мәселелерін, сондай-ақ Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) енгізу жөніндегі мәселелерінің басын әңгімеледік.
Сол күнгі АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Уэнди Шерман және Дүниежүзілік Банктің Вице-президенті Лаура Фригентимен кездесуімді де атап өткен жөн. Бұдан басқа, "Қазақстан сырқы саясатының қазіргі жағдайы мен артықшылықтары атты Атлантикалық кеңеспен ұйымдастырылған "дөңгелек үстелде сөз сөйледім.
Қазақстан және АҚШ серіктестігінің екінші стратегиялық сөзалмасуы
Қазақстандық-американдық стратегиялық серіктестігінің екінші отырысы 9 шілде күні менің іс-сапарымның кезінде өткен болатын. 2012 жылдың сәуір айында құрылған стратегиялық серіктестік бойынша қазақстандық-американдық комиссиясы бірқатар мәселелерді қамтиды, атап айтқанда аймақтық қауіпсіздік, сауда, инвестициялау, энергетика, ғылым және техника, ядролық қауіпсіздік және таратпау, демократиялық және халықтық дипломатиясы аспектілерін қарастырады.
Мен 2012 жылдың сәуір айында Стратегиялық серіктестік сөзалмасудың бірінші отырысына Вашингтонда Елші бола тұра қатысқаныма өте қуаныштымын. Қазақстан және АҚШ өз бірлескен мәлімдемесінде 2012 жылдың 9-10 сәуірде Вашингтон қаласында өткен Стратегиялық серіктестік ең алғаш Сөзалмасу кезеңінен бастап талқыланған екіжақты қарым-қатынастарының қол жеткізген ілгерілікті атап өтті.
АҚШ Қазақстанның Ауғанстанның және толық аймағындағы қауіпсіздік және экономикалық дамуын қолдаудағы жетекші рөлі, сонымен қатар 1000 ауғандық студенттерге Қазақстанның мықты университеттерінде білім алуға арналған стипендиялық бағдарламасына Қазақ елінің 50 миллион АҚШ долларын бөлуі туралы оқиғасын да атап көрсетті.
Біз тағы да жаппай қырып-жою қару-жарағын таратуды тоқтатудағы ортақ ұмтылысымызды растадық. АҚШ Қазақстан Республикасындағы ядролық қауіпсіздік жөніндегі аймақтық білім орталығын құрудағы біздің жігерлігімізбен бірге, біздің территорияда МАГАТЭ төменбайытылған уран Банкісін орналастыру бойынша ұсынымызды құптаған болатын.
Қауіпсіздік саласы ынтымақтастығының екіжақты ортақ жол ұстанымы дәлелінің айғағы – АҚШ-тың Қазақстанның бітімгерлік бригадасын қолдауы мен "Дала қыраны атты жыл сайынғы әскери білім беруі болып табылады.
"Адам құқықтарын үкіметтік емес ұйымдармен басқару тақырыбындағы дөңгелек үстел стратегиялық әріптестік шеңберінде азаматтық қоғамның белсенді дамуын маңызды деп санадық.
АҚШ-Қазақстан арасындағы екіжақты тауар айналымының ұлғаюын, инвестициалық ынтымақтастықты басым назарға алып, республика ӘСҰ ену үдерісінің соңына дейін жұмысын жалғастырады.
Сонымен қатар, Қазақстан мен АҚШ ғылыми-технологиялық ынтымақтастықта өздерінің ұстанымын нығайтуды мәлімдеді. Жақын арада, ҚР білім және ғылым министрлігі Қазақстанда өнеркәсіптік технологиялар қызметін нығайту үшін Американдық қоғамдық зерттеу және даму қорымен келісімшартқа қол қойды. Бұл өте маңызды жағдай, себебі Назарбаев Университеті мен Халықаралық ғылыми-техникалық орталық (ХҒТО) аясында құрылған американдық ғылыми және білім беру мекемелерімен тығыз байланыстарымыз бар.
Қазақстан Республикасы мен АҚШ арасындағы қарым-қатынастар жаңа даму кезең негізінде. Сапар аясында сәтті қызмет атқарып келе жатқан ынтымақтастық Комисииясымен екінші жиын өткіздік. Жақында ғана, Астана қаласында Қазақстан Республикасы мен АҚШ арасындағы ғылыми-техникалық ынтымақтастық Комиссия жұмыс істей бастады.
Жалпы алғанда, мемлекеттер арасындағы қауымдастықты әр түрлі дәрежеде нығайтуды өз міндеттемемізге алдық. Осылайша, Қазақстаннан АҚШ –қа дипломатиялық, қызметтік, студенттік, БАҚ-на, бизнес, туристік сапарларға арналған өзара 5 жылдық мерзімге виза қызметін беру тәжірибесі енгізілді.
1 тамыз Вашингтонда тарихи күн болып еске сақталды. Себебі АҚШтағы Қазақстан Елшісі Қайрат Омаров американдық азаматқа алғаш 5 жылдық мерзімдік визаны салтанатты ұсынды. Конгрессмен Ени Фалеомаваега визаны иеленуші, Қазақстанның экономикалық гүлденуі мен саяси тұрақтылығы туралы өз пікірін ортаға салып, бұл сәттің маңыздылығын ескерді. Сол уақыттан бастап қазақстандық шетел борыштары АҚШ азаматтары үшін визаның жаңа режімде алуына өтеді. Құрама Штаттармен осындай визалық режімді ТМД елдері ішінде Қазақстан алғаш қалыптастырған мемлекет болып табылады.
Президент Н.Назарбаевтың Халықаралық сапарлары.
4 тамызда Н.Ә.Назарбаев Тегеранда өткен жаңадан сайланған Президент Иран Хасан Роуханидың ресми инаугурциясына қатысқан. Әңгімелесуші тараптар екіжақты ынтымақтастың келешекте кең салада дамуы мен күн тәртібіндегі халықаралық сұрақтарды қарастырды.
Нұрсұлтан Назарбаев пен Хасан Рухани екі ел арасындағы транзиттік-көліктік мүмкіндіктерін белсенді пайдалану көздеді. Әсіресе, Жаңаөзен-Қызылғай-Берекет-Етрек-Горган бағдары бойынша темір жол желісін ерекше белгіледі. Бұл желі аймақтың траспорттық-коммуникациялық құрылымын тиіміділігін арттыру, аймақтық сауда-экономикалық қарым –қатынасты нығайтуға тиімді. Әңгімелесуші тараптар Қазақстан "Р5+1 форматтағы жаңа келіссөздер алаңын пайдалануға беру арқылы белсенді қатынасып, иран ядролық бағдарламасы жағдайын реттеудің сұрақтарын талқылады.
Түркітілдес мемлекететердің ынтымақтастық Кеңесінің үшінші Саммиті.
15-16 тамызда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев мәдени, экномикалық және саяси ынтымақтастық саласы қамтылған Габал мен Әзірбайжанда өткен Түркітілдес мемлекететердің ынтымақтастығы Кеңесінің (ТМЫК) үшінші Саммитіне қатысқан. 2009 жылы Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия мемлекеттерімен қол қойылған нахичеван келісімімен Еуразиядағы бейбітшілік пен тұрақтылықты орнату мақсатымен ТМЫК құрылған. Ұйымның бас хатшылығы Түркияның Стамбул қаласында орналасқан. Қазақстан үшін ТМЫК көпсалалы сыртқы саясатымызды нығайту мен түркітілдес көршілес елдермен қарым-қатынасты орнату мақсатында маңызды ұйым болып саналады.
Мен Саммитің бірінші ресми отырысына қатыстым. Сыртқы істер министріліктерінің жиынында Қазақстан ТМЫК мемлекеттері мүшелерінің сыртқы істер министрліктері арасындағы ынтымақтастық хаттамаға қол қойды.
Габалдағы Саммит сәтті де нәтижелі өтті. Бұл іс-шараның ашылуы Халықаралық түрік мәдениеті ұйымының негізделуінің 20 жылдық мерейтойымен дәл келді. Кездесу барысында Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев, Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев, Әзербайжан ПРезиденті Ильхам Алиев, Түркия Президенті Абдулла Гюлей сауда, тіл және білім саласындағы декларацияны қабылдады. Сонымен қатар,Үкімет басшыларымен кеден ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған кеден істері бойынша жұмыс тобы құрылған болатын.
Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде Кеңестің кең өрістегі халықаралық танымал ұйым болғанын атап айтты.
Нұрсұлтан Назарбаев Саммиттің бейресми бөлімінде Президент И.Алиев мырзамен кездесіп, ауыл шаруашылық, көлік, экономика саласындағы күн тәртібіндегі екіжақты маңызды сұрақтарды талқылады.
Сонымен қатар, Президент Н.Ә.Назарбаев Түркия Президенті Абдулла Гюлем мырзамен кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың маңызды аспектілерін, сауда, экономика, агро өнеркәсіп инновациясы, көлік және байланыс, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық салаларына қатысты халықаралық сұрақтар қызу талқыланды.
Н.Ә.Назарбаевтың Қырғызстан Президенті А.Атамбаев мырзамен кездесу аясында Астана мен Бішкек қалаларында алдағы өткен кездесулеріндегі уағдаластықтарының орындалуы туралы әңгімелесті.
Екі елдің басшылары Бішкек қаласында өтетін ШЫҰ Кеңесінің Саммиті отырысының басты тақырыптарын қарастырды.
Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі (ТМЫК) СІМ мемлекеттер-мүшелері Мысырдағы зорлық-зомбылық пен қатыгездік әрекеттері бойынша өз ниеттерін білдіріп, бірлескен мәлімдеме жасады:
"Мысырда болып жатқан қимылға қарсы күш көрсету нәтижесінде зардап шеккендер мен қаза тапқандарға ниетімізді білдіреміз. Бейбіт халықтың қаза табуына жол беру өрескел деп санаймыз. Қаза тапқандардың отбасына ниет білдіріп, зардап шеккендерге тез сауығып кетулерін тілейміз.
Қазақстан бейбітшіл мемлекет болғандықтан, бұл шиеленіс нәтижесінде қаза тапқан және ауыр жараланғандардың қайғысына ортақ.
ТМЫК Саммитін өткізгені үшін Әзербайжан мен ТМЫҚ барлық мүшелеріне сындарлы үлес қосқандары үшін алғысымды білдіремін. Қазақстан ұйымдастыру шеңберінде бізбен ынтымақтастықтарының әрі қарай жалғасуына үміттеніп, Түрікменстан мен Өзбекстанды бір ұйымға бірлесіуіне шақырған Бас Хатшы Халил Акынджы мырзаның көзқарасын жақтайтынын білдірді.
Ядролық қаруды таратпау және ядролық отын Халықаралық банкі.
Мен 22 тамыз Астанада атом энергетикасы Халықаралық Агенттігінің Бас Директоры ( АЭХА) Юкия Аманомен кездесу өткіздім. АЭХА-ның білімі мен тәжиребесі Қазақстан үшін үлкен мәнге ие. АЭХА уранды қамтамасыз етудегі ірі өтемші. Атомдық отын Халықаралық Банкін үлестіруші болып табылады. Біз ядролық қаруды таратпау кепілдігінің механизмін күшейту және атом энергетикасын бейбіт қолдану сұрақтарын талқыладық.
Барлығына мәлім, Кеңес өкіметі қирағаннан кейін Қазақстан 1995 жылы Ядролық қаруды таратпауға бас тартқан. Әлемдегі көлемі бойынша 4 ші ядролы арсеналға ие болды. Қазақстан қазіргі уақытта ядролық қаруды қолдануы мен таратуына қарсы болған барлық халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықта.
29 тамыз Қазақстан үшін ерекше мейрам - Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күн. Бұл күн, 1991 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаев Семей ядролық полигонын жабу туралы Үкімге қол қойды. 1949-1989 жылдар кезеңінде кеңес әскері бұл полигонда 456 ядролық сынақ, оның 116 ауада өткізілген болатын. Радиациялық әсер Қазақстан экологиясына зиян келтірді. Семей қаласына жақын тұратын халық үлкен мөлшердегі сәулелену әсеріне ұшырады. Бұның әсерінен мыңдаған адамдар оба ауруларына және жүзден астамы асқазан ауруына шалдықты. Осы қатаң тәжиребеге сай, Назарбаев орталығы АТОМ Жобасын ұйымдастырды. Бұл жобаның мақсаты - Ядролық қаруды сынауды тоқтату болып табылады. Ядролық әрекеттерге қарсы Халықаралық күні жайлы толығырақ АТОМ ЖОБАСЫ веб-сайтына мына сілтемеге өтіңіз.
Жаһандық қарым-қатынастар.
Министрліктер қызметі Қазақстанның тысқары жақтарын қадағалау маңыздылығына қарамастан, біздің жаһандық қарым-қатынасымыздың дамуында көрініс табатындай мемлекет ішіндегі талқылау қызметінің маңыздылығы кем емес.
Төменде көрсетілген екі бөлімде әлемдік энергетикалық нарықтағы Қазақстанның энергетикалық қорының рөлі қамтылған:
- Мұнай экспортын ұйымдастырушы мемлекеттер (МЭҰМ) 2013 жылы Қазақстанда мұнай қорын өндіру көлемі тәулігіне 80,000 баррелге ұлғайып, соның әсерінен мұнай өндіру мөлшері тәулігіне 1,67 миллион баррельді құрайды.
Қазақстандағы көмірсутекті шикізаттың ірі кен ошағы – Қашаған, Теңіз, Қарашығанақ болып табылады. Ұлыбритания Премьер-министрі Дэвид Камеронның маусым айындағы Қазақстанға Атыраудағы "Бәйтерек атты мұнай өңдеу зауытының ашылуына байланысты сапары - мемлекетіміздің технологиялық, өңдірістік күш-қуатымыздың мықты екенін көрсетеді. Бүгінгі таңда Қазақстанның қолайлы инвестициялық жағдайға қол жетімді порттары, заманауи мұнай өңдеу зауыттары салынып, барлық Еуразия континенті бойымен өтетін энергоқорларының құбырлары бар.
- "British Petroleum жыл сайынғы басылымы 2012 жылы мұнайды пайдалану Қазақстанда 10 % ұлғайды деп хабарлайды. Бұл мемлекет ішіндегі инфрақұрылымның дамуы мен өскелең орта топтар энергияны пайдаланудың саны ұлғаюмен байланысты.
"BP ның жорамалдарына қарамастан, Қазақстанның үкіметі 2050 жылы "жасыл экономикаға толық өтулерін жоспарлап отыр. ҚР қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаровтың айтуынша, экономиканы "жасылдандыру реформасын өткізу үшін Қазақстан жыл сайынғы ІӨ үлесінен 1 % немесе 3-4 миллион доллар қаржы қажет. 2050 жылға бұл реформалар шамамен 500 000 жұмыс орнымен қамтамасыз етіліп, жаңа салалар ілгері дамып, ІӨ-ді 3 %- ға арттырады.
Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрі Ван И–дің Қазақстанға сапары.
19 тамыз мен Астанада Қытай Халық Республикасының Сыртқы істер министрі Ван И қабылдадым. Жаһандық және аймақтық қауіпсіздік, халықаралық институттар аясындағы қарым-қатынастар, екіжақты ынтымақтастықтың көптеген салалары бойынша мәселелерін талқыладық.
Сәуір айында Боао аралында өткен кездесуде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев және Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин осы мәселелерді талқылаған болатын. Қырүйекте жоспарлаған Си Цзиньпиннің Астанаға тарихи сапары аясында, екі мемлекеттің басшылары өзара декларацияға қол қоймақ. Тамыздағы жемісті және алдымыздағы қыркүйектегі сапарлар екі ел арасындағы екіжақты қарым-қатынасымыздың нығайтуына өте маңызды рөл атқарады. Екі ел басшыларының тұрақты кездесулер арқасында жалғасып жатқан диалог күмәнсіз жағымды құбылыс және екі ел экономикаларының стратегиялық маңызы бар секторларында екіжақты қарым-қатынастың дамуы үшін басты платформа болмақ.
Екі мемлекет трансшекаралық өзендер саясатына ұтымды тәсілдеме қолданып жүргені біздің мемлекеттеріміздің арасындағы жоғары саяси сенімділіктің жарқын көрсеткіші болып саналады. Су ресурстарын пайдалану және кіші трансшекаралық және трансшекаралық өзендердің су ресурстарын және суды бірлесіп тұтыну туралы тұрақты және тиімді түрде пікір алмасулар өтуде. Оған себеп, тараптардың аталмыш мәселені тәжірибелік-жүйелі реттеу тұрғыда жалғастыруда жайындығын көрсетеді. Сонымен қатар 2012 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-саттық көлемі рекордтық 23.9 млн. АҚШ долларға жетті. Осы сан біздің мемлекеттеріміздің арасындағы экономика және сауда ынтымақтастығының сәтті дамуының дәлелі. 2015 жылда, бірлескен күшпен біз осы көрсеткішті 40 млн. АҚШ долларға дейін көтеруді жоспарлап отырмыз.
Шығыс Азиялық көрші елдерімен ынтымақтастық
Қыркүйекте Қазақстан өте әдемі екендігін бірнеше рет атап кеткен болатынмын. Жаздың соңғы күндерінде өз демалыстарын алуға жоспарлап отырған адамдар, осыны өз жадыларына сақтап, каперлеріне алулары тиіс. Туристік секторының жақсаруына байланысты, қазіргі уақытта біздің мемлекетімізге сапар шегу едәуір жеңіл және қолайлы.
Қазіргі таңда, біздің елдеріміз арасында аптасына 32 жуық тұрақты әуе сапарлар орнатылған. Жаздың соңына дейін осы сан 35-ке дейін өсетін болады. ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің басшысы Әділхан Әбеуовтың айтуы бойынша, қыркүйек айында Қазақстаннан Хайнань аралында орналасқан Санья қаласына дейін жаңа чартерлік сапарлардың ашылуы жоспарлануда. Біздің мемлекеттеріміздің арасындағы әуе сапарлардың санын арттыру мақсатында, 2017 жыл Қытай туризмінің Қазақстандағы жылы болып жарияланады.
Халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысы Висенте Лоссерталестің Қазақстанға сапары
30 шілде күні, Астанада Сыртқы істер министрлігінде Халықаралық көрме бюросының Бас хатшысы Висенте Лоссерталесті қабылдадым. Кездесу барысында, Астанада өтетін "ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне әзірлік барысын талқыладық. "ЭКСПО-2017 - "Жасыл экономикаға көшу үдерісін едәуір жылдамдататын Қазақстанның ұлттық жобасы.
2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын өткізуге кандидатура
2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын Алматыда өткізуге Халықаралық олимпиада комитетіне өтініш жолданды. Осы атақты жеңу үшін, аталмыш өтініш көптеген рәсімдердің ішінен тек бірінші қадам ретінде саналады. Спорттың үлкен сүйері, әсіресе гольф пен теннистің ойыншысы ретінде, осы ойын түрлерінен сайыстарды өткізуден саяси келешектерді ғана емес, тікелей спорттың орасан шарасы ретінде қызығушылық танытамын.
Универсиада.
Сонымен, Ресейдің Қазан қаласындағы Әлемдік студенттер ойынында (Универсиада) бақ сынаған қазақстандық студент-спортсмендерді құттықтауға мүмкіндік туындап отыр. Біздің спортшылар жалпы 30 медаль, оның ішінде 3 алтын, 11 күміс және 16 қола әкелді. Қазан қаласында өткізілген халықаралық спорттық шараны ұтымды ұйымдастырылған жұмыс ретінде бағалаймын және алдағы ақпандағы Сочи Олимпиада ойындарына дәл солай болатынына күманданбауға зор үміт білдіремін. Сөз барысында, республиканың ең үлкен қаласы мен коммерциялық астанасы боп саналатын - Алматы қаласындағы 2017 жылғы Қысқы Универсиадаға Қазақстанның өтінімі туралы айта кетейін. Алматыда 2011 жылы Қысқы Азия ойындары сәтті өтті. Сонымен қатар, қалада көптеген халықаралық конференциялар өткізілді. Мен Алматыны 2017 Универсиадасын өткізуге лайықты үміткер деп санаймын.
Сондай-ақ , алда келе жатқан маңызды шаралардың қатарына келесі шараларды қосу қажет. Атап айтқанда, Ресейдің Санкт-Петербургтағы G-20 Саммиті (5-6 қыркүйек); Қытай Басшысы Си Цзиньпиннің сапары (6-8 қыркүйек); Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Астанаға сапары (11-12 қыркүйек); Бішкектегі Шанхай ынтымақтастық ұйымының Саммиті (13 қыркүйек) және Нью-Йорктегі 68-ші БҰҰ Бас Ассамблеясының ашылу шаралары болып табылады.
Мен айтқандай, қыркүйек айы, мен және біздің дипломаттарымыз үшін өте күрделі, бірақ қызықты өтпек. Менің блогыма көңіл бөлгендеріңізге зор алғысымды айтамын. Әлеуметтік желілердегі жаңалықтар мен фото бейне жаңартулар бойынша менің қызметкерлерім өте жақсы жұмыс атқарды. Сыртқы істер министрлігінің соңғы жаңалықтарын сіз Twitter, Facebook, YouTube және Flickr әлеуметтік желілерден әрқашан біле аласыздар!
- 17.09.2013
- 15009