• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Жақыпова С. Қ.
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
С. Жақыпова әйелдерді жұмыспен қамту туралы баяндады

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Digital Bridge 2023 халықаралық форумы аясында өткен «Цифрлық экономика: әйелдер үшін жаңа мүмкіндіктер» атты дөңгелек үстелде мемлекеттік қолдау шаралары, әйелдерді нәтижелі жұмыспен қамтуға тарту және Қазақстанда Отбасының цифрлық картасын іс жүзінде қолдану туралы баяндады.  

ЕХӘҚМ басшысы өз сөзінде Қазақстанның мемлекеттік саясатының маңызды басымдықтарының бірі халықтың барлық санаттарын, оның ішінде әйелдерді жұмыспен қамту мәселесін атап өтті.

«Қазақстанның еңбек нарығында әйелдердің, отбасының және гендерлік теңдіктің мүдделерін ілгерілету мәселелері айтарлықтай жетістіктерге жетті.
2022 жылғы деректерге сәйкес гендерлік алшақтық индексі бойынша елдердің халықаралық рейтингінде Қазақстан 146 ел арасында 80-нен 65-орынға көтерілді. Бұл ретте ең үлкен жетістік – білімге қол жеткізу теңдігі (27 орын) және экономикалық белсенділік критерийлері мен әйелдер үшін мүмкіндіктер (29 орын)», – деді Светлана Жақыпова.

Статистика мәліметтерге сәйкес бүгінде елімізде жұмыс күші құрамында 4,6 млн әйел кісі еңбек етсе, оның 4,4 млн-ы (95%) экономиканың түрлі салаларында жұмыс істейді. Ал жұмыспен қамтылған әйелдердің 64%-ы қалаларда тұрады. Электрондық еңбек шарттары бойынша талдау көрсеткендей, басшылық қызметтегі әйелдердің үлесі 41%-ды құрап отыр.

«Қазіргі уақытта Отбасының цифрлық картасының (бұдан әрі – ОЦК) мүмкіндіктерін кеңінен қолданудамыз, оның деректері бойынша 2,8 млн әйел ресми түрде жұмыс істейді. Олар үшін міндетті зейнетақы жарналары аударылуда. Сонымен қатар, 1 млн-нан астам әйел ауылдық жерлерде тұрады.

Ақпараттық технологиялар саласында 46,5 мыңға жуық әйел азаматы жұмыс істейді, оның 39 мыңы – қала тұрғындары. Олардың компаниялардағы қызметтеріне қатысты: 11% – басшылар; 30% – мамандар; 59% – техниктер мен көмекші персонал», – деп хабарлады Светлана Жақыпова.

Сондай-ақ, жұмыспен қамтылмаған, зейнетақы аударымдары жоқ, оқу орнында оқып жатпаған және декреттік демалысқа шықпаған әйелдер бойынша талдау жұмыстары жүргізілді.

«Осы санаттағы 1 млн 295 мың әйелді анықтадық. Біз өңірлердегі жағдайдан хабардармыз және ОЦК мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қажетті ақпаратты SMS арқылы жолдап, нақты қолдау шараларын ұсынамыз. Бұл жұмыс жүзеге асырылуда. Оның нәтижесінде 8,2 мың қазақстандық жастарды жұмысқа орналастырдық», – деді ЕХӘҚМ басшысы.  

Министр халықты жұмыспен қамтудың қолданыстағы тетіктері туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Бірінші бағыт – Электрондық еңбек биржасы арқылы жұмысқа орналастыру. 2022 жылдан бастап қазірге дейін осы платформада 100 мыңнан астам әйел адам жұмыс тапты.

Екінші бағыт – субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру. Бұл әлеуметтік жұмыс орындары, қоғамдық жұмыстар, жастар практикасы және т.б. жалпы осы шараларды іске асыруға шамамен 135 млрд теңге бөлінді. Биыл 109 мың әйел жұмысқа орналастырылды.

Үшінші бағыт – еңбек нарығында өзекті кәсіптік дағдыларды игеру: Skills.enbek.kz порталында онлайн оқыту (осы жылы 32 мың әйел), жұмысшы мамандықтары бойынша классикалық офлайн оқыту (7 мың).

«50 жастан асқан азаматтарды жұмыспен қамту маңызды мәселе. Халықтың осы санатын жұмысқа орналастыру үшін біз жалақының бір бөлігін субсидиялау арқылы «Күміс жас» жобасын іске асырудамыз. Биыл 14,3 мың адамға 9,5 млрд теңге бөлінді», – деді Светлана Жақыпова.

Бұдан басқа халықты жұмыспен қамту бойынша қазақстандықтардың бизнес-бастамаларын іске асыру үшін мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі.

Мәселен, 2022 жылы кәсіпкерлік негіздерін онлайн оқытуға арналған портал іске қосылды. Курс өз ісін «нөлден» бастау үшін барлық қажетті білімді қамтиды. Тек осы жылы 79 мың әйел оқудан өтті.

Оқуды аяқтағаннан кейін 5,6 мыңнан астам әйел азаматтарына грант пен жеңілдетілген микрокредиттер берілді.

«1 қазандағы жағдай бойынша 3415 әйел 1,3 млн теңге көлемінде қайтарымсыз грант алды. Олардың 68%-ы тауарлар мен қызметтерді өндіруге қажетті технологиялық жабдықтарды және керек-жарақтарды сатып алды, ал 29%-ы төрт түлік мал сатып алып, мал шаруашылығымен айналысуда. 35 жасқа дейінгі 2206 әйел жылдық мөлшерлемесі 2,5%-дық жеңілдетілген микрокредит алды.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. 2024 жылы оқыту бағдарламасын өзектендіруді жоспарлап отырмыз және оның аясында әйелдер кәсіпкерлігі модулін пысықтайтын боламыз», – деп түйіндеді Светлана Жақыпова.

Digital Bridge – Орталық Азиядағы ең ірі технологиялық форум, ол 2018 жылдан бері дәстүрлі түрде Мемлекет басшысының, сондай-ақ әлемдік компаниялардың көшбасшыларының, IT-инновациялар саласындағы үздік халықаралық және отандық сарапшылардың қатысуымен өтетіндігін естеріңізге саламыз.

  • 12.10.2023
  • 204
Жақыпова С. Қ.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

Жақыпова С. Қ.
(Мұрағат)

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика