• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сатыбалды Д. А.
Сатыбалды Д. А.

Түркістан облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Түркістан облысында NEET санатындағы 3 мың жас тегін оқуға түсті

 

2,1 млн. тұрғыны бар Түркістан облысында 14-35 жас аралығындағы жастар саны – 654 мың. Бұл көрсеткіш халық санының 30 пайызын құрап отыр. Олардың арасында NEET санатындағылары да бар. 

Өңірде осы жастарға білім беру, қоғамдық ортаға тарту, жұмыспен қамту және кәсіпкерлікке баулу бойынша әрқайсымен жеке түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олардың үлесін азайту мақсатында облыстағы жастар саясатын жүзеге асыру бағытындағы жұмыстар биылғы жылдан бастап жаңа форматқа ауыстырылды. Аймақтағы «Жастар ресурстық орталықтарының» мамандары ауылдарды, көшелерді аралап мемлекеттік бағдарламалар мен оқу гранттары туралы ақпарат берді. Жастарды жаңаша істерге шақырды. Нәтижесінде жастарға қатысты 12 мемлекеттік бағдарлама аясында 38 мың жасты жұмыспен және оқу гранттарымен қамту жоспарланып, тиісті жұмыстар атқарылды. Бұдан бөлек, мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау мақсатында 182 мың жасқа кеңес берілді. Бұл іс әлі де жалғасады.

Түркістан облысында техникалық және кәсіптік білім беретін 50 колледж жұмыс атқаруда.  Онда 43 мыңға жуық студент қамтылған. Биылғы оқу жылына 71 мамандық бойынша 15350 орынға мемлекеттік тапсырыс жарияланып, ол толық орындалды. Яғни, гранттар толық игерілді. Оның ішінде NEET санатында 3000 жас колледждерге тегін оқуға түсті. Олар мемлекеттік тапсырыс аясында білім, бизнес, басқару және құқық саласы, инженерлік, құрылыс және өңдеу саласы, әлеуметтік жұмыс және денсаулық сақтау саласы, гуманитарлық ғылымдар және өнер саласы, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, балық, мал шаруашылығы, қызмет көрсету саласы бойынша білім алып жатыр. 1 қыркүйектен бастап шәкіртақы 21000 теңгеден 32000 теңгеге көтерілді.

Оқуды бітірген түлектерді жұмыспен қамту бойынша тиісті жұмыстар жүйелі атқарылып келеді. Алдағы уақытта жаңа кәсіпорындар ашып, сол арқылы жастарды кәсіптік біліммен қамту көзделуде.

 

  • 13.10.2023
  • 195
Сатыбалды Д. А.

Түркістан облысының әкімі

Сатыбалды Д. А.
(Мұрағат)

Түркістан облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика