• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан өзін нан және ұн өнімдерімен толықтай қамтамасыз етті

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде биылғы жиналған егіннің көлемі және ауа райының қолайсыздығына байланысты шығынға ұшыраған отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерін қолдау шаралары туралы айтты.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша тауар өндірушілерді қолдау мақсатында астықты кептіру үшін 62,5 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді, қаржы институттары айыппұл санкцияларын қолданбай несиелер мен қарыздарды өтеу мерзімін ұзартуды жүзеге асырып отыр, АӨК субсидиялауға қосымша қаражат бөлу және «Азық-түлік корпорациясының» астықты тікелей сатып алу мәселелері пысықталып жатыр», — деп атап өтті Тамара Дүйсенова.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Жамбыл облысының шаруаларына өтемақы төлеу жұмыстары жүргізілуде. Естеріңізге сала кетейік, өңірде су тапшылығына байланысты жергілікті ауқымдағы ТЖ режимі жарияланған болатын. Бөлінген қаражат көлемі 3,7 млрд теңгені құрады.

Ішкі нарықта бидай бағасын тұрақтандыру және «сұр импортты» болдырмау мақсатында аумағына теміржол және авто көлігімен астық әкелуге тыйым салу мерзімі 2024 жылдың 11 сәуіріне дейін ұзартылды. Аталған шектеу шаралары лицензияланған элеваторларға, астық өңдеу және құс шаруашылығы кәсіпорындарына, сондай-ақ Қазақстан аумағы арқылы бидайды транзиттік тасымалдауға қатысты қолданылмайды. Сонымен қатар астықты өз қажеттіліктеріне пайдаланатын отандық өндірушілерге де шектеу болмайды.

«Биыл жиналатын астықтың көлемі елімізді нанмен және ұнмен толық қамтамасыз ету үшін жеткілікті болатынын атап өткім келеді», — деді Тамара Дүйсенова.

Сонымен қатар ол Үкімет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бағытында кешенді жұмыс атқарып жатқанын жеткізді. Атап айтқанда, көкөністер құнының өсуіне жол бермеу үшін форвардтық сатып алу жүргізілді және маусымаралық кезеңде тауар интервенциясы қолданылды.

Премьер-Министрдің орынбасары еліміздің барлық аймағында тұрақтандыру қорлары бар екенін еске салды. Олардың әрқайсысы үшін қажетті азық-түлік көлемі бойынша индикативтер әзірленген. Әлеуметтік маңызы бар тауарларға үстемақы 15%-дан аспауы үшін сауда нысандарымен және өнім өндірушілермен 11,5 мыңға жуық келісімшарт жасалды. Сонымен қатар белгіленген талаптар қалай сақталып жатқаны да жіті тексеріледі.

«Делдалдық схемаларды тексеретін өңірлік комиссиялар жыл басынан бері сауда мөлшерлемесінің жоғарғы шегін бұзу бойынша 696 факт анықтады. 814 делдалдық тізбекке талдау жасап, 146 заң бұзушылықты анықтады. Үкімет қабылдаған шаралардың нәтижесінде 4 айдан астам уақытта әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының индексі біртіндеп төмендеп келеді», — деп атап өтті Тамара Дүйсенова.

Сондай-ақ ол инфляцияның төмендеуінде қатысты оң үрдіс бар екенін айтты. Алдын ала жасалған болжам бойынша, биыл оның көрсеткіші былтырғыдан едәуір төмен болады деп күтіліп отыр.

Дереккөз primeminister.kz 

  • 13.10.2023
  • 215
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика