• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сатыбалды Д. А.
Сатыбалды Д. А.

Түркістан облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Түркістан облысында балық шаруашылығын дамыту бағытында республикалық форум өтті

Т

Сайрам ауданы, Көлкент демалыс орнында Алматы облысының «Балық мектеп» ЖШС, Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы және облыстың тауарлы балық өсірушілерінің ұйымдастыруымен «Балыққа өмір сыйла» атты республикалық форум өтті.

Форумға шаруашылығының дамуына үлес қосып жүрген ірі шаруа қожалықтар мен кәсіпкерлер мен балық өсіруге қызығушылық танытқан 300-ге жуық адам  қатысты.

Шараның мақсаты – еліміздің балық шаруашылығын дамыту, осы бағытта жаңадан кәсіп бастаймын  дегендерге ынталандыру, облыстағы әуесқойлық және спорттық мақсаттағы балық аулауды дамыту және Түлкібас ауданында орналасқан Састөбе көлін балықтандыру.

Іс-шара барысында балық шаруашылығы Ассоциациясын құру бойынша Қарар қабылданып, салаға қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Ал Жаңадан құрылған «Қазахрыбхоз» Ассоциациясымен облыстағы балық шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге жан-жақты көмек көрсетіледі. Алдағы уақытта тиісті басқарма мен аудан, қала әкімдіктері тарапынан саланы дамыту бағытында Ассоциациямен бірлесіп жұмыс атқару көзделуде.

Аталған шарада балық өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылып, бизнес өкілдері мен кәсіпкерлер жәрмеңкеде өз өнімдерін ұсынып, тәжірибе алмасты. Форум аясында балық аулаушылар сайысы тартысты өтіп, жеңімпаздар марапатталды. Форумның қорытындысында Састөбе көлімен Шымкент қаласының аумағында орналасқан Бадам су қоймасына  100 мың дана тұқы балығының шабақтары жіберілді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған Жолдауында елімізде балық шаруашылығын дамытудың маңыздылығына тоқталып, Үкіметке нақты тапсырма жүктеген еді. Президент тапсырмасына сәйкес, саланы дамытудың 2021-2030 жылға арналған бағдарламасы қабылданып, жүзеге асырыла бастады. Бағдарлама аясында 2030 жылы облыста  балық өсіру көлемін 20 мың тоннаға жеткізу межесі тұр. Биыл өңірде 6640 тонна тауарлы балық өндіру көзделіп отыр. Бүгінде аталған жоспарды орындау бағытында нақты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Түркістан облысы тауарлы балық өндіруден республика бойынша көш басында. Балық шаруашылығын дамытуға мемлекеттік қолдаулар көрсетіледі. Мәселен, акваөсіру бойынша 2023 жылға жергілікті бюджеттен 500 млн. теңге бөлініп, бүгінде 31 шаруашылыққа субсидия беріліп, толығымен  игерілді.  Бұдан бөлек инвестициялық салымдарды субсидиялауға биылғы  жылға республикалық бюджеттен 226,2 млн. теңге қарастырылып, тиісті жұмыстар атқарылуда. Облыста балық шаруашылығымен айналысатын 14 кәсіпкер «Түркістан ӘКК» акционерлік қоғамы арқылы 5,4 млрд. теңге көлемінде жеңілдетілген несие алу бойынша құжаттарын өткізген. Оның ішінде, 4 шаруашылыққа 1,6 млрд. теңге несие беру қолдау тапқан.

Облыста жергілікті маңызы бар 104 су айдыны тіркелген. Оның 84 табиғат пайдаланушыларға бекітіліп берілген. Жалпы тауарлы балық өсірумен 130-ға жуық кәсіпкерлік субъектісі айналысады.

  • 20.10.2023
  • 244
Сатыбалды Д. А.

Түркістан облысының әкімі

Сатыбалды Д. А.
(Мұрағат)

Түркістан облысының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика