• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Тұтынушы – бұл сауданың негізгі субъектісі

ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев баспасөз конференциясын өткізіп, ведомствоның тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы стратегиясы туралы айтты.

Ағымдағы жылдың 9 айында азаматтардың сауда тәртібін бұзуға қатысты шағымдары өткен жылдың көрсеткішінен асып, 33 мыңға жуық жағдайдын тіркелуін құрады.

Қызмет көрсету саласы бойынша шағымдардың ең көп саны мынадай салаларда байқалады: бөлшек сауда – 37%, электрондық сауда – 20%, тұрмыстық қызметтер – 10%, ТКШ – 6,9%, байланыс қызметтері – 5%.

Бұл көрсеткіштер, бір жағынан, тұтынушылық мәдениет пен құқықтық сананың артқанын көрсетсе, екінші жағынан жосықсыз кәсіпкерлік қызметтің өсуін көрсетеді.

Арман Шаққалиев атап өткендей, ҚР Сауда және интеграция министрлігі тұтынушылардың көңіл-күйін тұрақты негізде бақылауда ұстап, олармен сауда саясатын өзара байланыстырып отырады.

«Әлеуметтік сауалнама нәтижелері бойынша өткен жылы сауалнамаға қатысқан 10 мың респонденттің 31%-ы азық-түлік тауарларының жарамдылық мерзімінің сақталмауына тап болды, 24%-ы тауарлардың сапасына наразы болса, 19,2%-ы азық-түлік өнімдері туралы заңда талап етілетін ақпараттың жоқтығына шағымданды», – деп атап өтті министр Арман Шаққалиев. – ҚР Сауда және интеграция министрлігі барлық түскен өтініштер бойынша  тексерулер тағайындайды. Алайда, тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың тиімділігі тек мемлекеттік органдардың қызметіне ғана емес, сонымен қатар, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі үкіметтік емес институттарға да байланысты. Азаматтық қоғам отандық нарықтағы сапасыз тауарлар мен басқа да теріс қылықтардан бас қорғаушы болып табылады».

Қоғамдық бірлестіктердің қызметін тұтыну нарығын қорғау мүддесінде интеграциялау үшін ҚР Сауда және интеграция министрлігі осы жылдың көктемінде Ахуалдық штаб құрған болатын, оның құрамына мүдделі мемлекеттік органдардың, адал кәсіпкерлік субъектілердің және қоғамдық тұтынушылар бірлестіктерінің өкілдері кірді.

Бүгінгі таңда олар импортталатын өнімнің 68 түріне сараптама жүргізіп, оның 19-ында азық-түлік қауіпсіздігі стандарттарының бұзылғанын анықтады. Әңгіме өнімдердің санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға, өнімнің мәлімделген сипаттамалары мен құрамына, сондай-ақ таңбалау талаптарына сәйкес келмеуі сияқты бұзушылықтар туралы болып отыр.

Анықталған бұзушылықтардың қорытындысы бойынша Министрлік тамақ өнімдерінің сәйкестігін растайтын 63 декларацияның және сәйкестікті бағалау туралы 200-ден астам құжаттың күшін жойды.

Жыл басынан бері жосықсыз кәсіпкерлік субъектілеріне 147 миллион теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынып, тұтынушылардың пайдасына 800 миллион теңгеден астам қаржы өндірілді.

Арман Шаққалиевтің айтуынша, Қазақстанда тұтынушыларды қорғау мақсатында «Сапалы өнім» жаңа қоғамдық тұжырымдамасын іске қосу ұсынылып отыр, ол үшін арнайы заңнамалық құралдар мен тетіктердің базалық жиынтығы дайындалған. ҚР Азаматтық және Азаматтық процестік кодекстеріне, «ҚР-дағы көлік туралы», «ҚР-дағы туристік қызмет туралы» заңдарға және тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Омбудсмен институтын енгізуді қоса алғанда, қоғамдық институттардың рөлін күшейту туралы бірқатар басқа да түзетулер әзірленді.

Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктеріне ішкі нарықтың қоғамдық мониторингі шеңберінде тауарлардың үлгілерін іріктеу және көрсетілетін қызметтерді немесе жұмыстарды сатып алу құқығын беру, олардың белгісіз адамдар тобын және басқа да жаңалықтарды қорғауға талап қою мүмкіндігін енгізу жоспарлануда.

Министрдің пікірінше, бұл шараларды жүзеге асыру тұтыну нарығындағы құқықтық реттеудің тиімділігіне, әлеуметтік тұрақтылыққа және азаматтардың әлеуметтік қорғалуының өсуіне ықпал ететін болады.

  • 23.10.2023
  • 182
Шаққалиев А.А.

ҚР Сауда және интеграция министрі

Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика