- Блогтар
- Сыздықбеков Ғ.Ә.
Сыздықбеков Ғ.Ә.
Шымкент қаласының әкімі
ЖЕЛТОҚСАН КӨШЕСІ ОРТАША ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ
Қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз ету мақсатында бүгінде қаладағы 31,1 шақырымды құрайтын 15 магистраль көше жөндеуден өтуде.
Бұл бағыттағы жұмыстар Желтоқсан көшесінде жалғасты. Орташа жөндеу жұмыстары Қонаев даңғылы мен Бейбітшілік көшесі аралығында атқарылды. Көшенің 1,4 шақырымына асфальтобетон төселіп, жол таңбалары сызылды.
🔷 Айта кетейік, орташа жөндеу жұмыстары Желтоқсан көшесіне 2009 жылы жүргізілген болатын. 14 жылдан бері жөндеу көрмегендіктен жол жабыны төмен түсіп, шұңқырлар пайда болған.
🔷 Жалпы, қаламыздың жол инфрақұрылымын дамыту мақсатында бекітілген кешенді жоспар аясында жыл соңына дейін жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайы 71,2 пайызға жетеді.
- 24.10.2023
- 149