- Блогтар
- Сахиев С.К.
Сахиев С.К.
«Ядролық физика институты» РМК Бас директоры
Республика күнімен құттықтау
Құрметті әріптестер!
Баршаңызды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Республика күні – халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын, бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын айшықты мереке.
Дәл осы күні 1990 жылы Қазақстанның Егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл – ел тәуелсіздігінің алғашқы қадамы болды.
Бүгінде Қазақстан әлемнің дамыған елдерімен терезесі тең, өзіндік тарихы мен жетістіктері бар бәсекеге қабілетті мемлекеттер қатарында.
Осынау ұлттық мереке күні Сіздерге денсаулық, жұмыстарыңызға табыс және сәттілік тілеймін.
Отанымыз гүлденіп, көркейе түссін!
- 25.10.2023
- 155