• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Шаққалиев А.А.
Құрық портындағы «Саржа» көпфункционалды теңіз терминалы жүктерді ауыстырып тиеуді бастады

2023 жылдың қыркүйек айының соңында Маңғыстау облысының Құрық портындағы «Саржа» көпфункционалды теңіз терминалының (КТТ) бас жүк терминалында жүктің бірінші партиясы қабылданды, ал қазан айының соңына қарай жалпы салмағы 4,5 мың тонна кемеге тиелген металдың жөнелтуі жоспарлануда. Осылайша, Құрық портының жаңа терминалдық қуаттары іске қосылуда.

Бұл туралы вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Үкіметте трансшекаралық хабтарды дамыту мәселелері жөніндегі жедел жұмыс тобының отырысында белгілі болды.

Құрық портындағы «Саржа» КТТ құрылысының жобасын бірнеше жыл қатарынан қазақстандық SEMURG INVEST атты  девелопер-компаниясы жүргізеді. Барлық жер жұмыстары аяқталды, теміржол кірме жолдары, екі айлақ және жалпы жүк терминалы салынды. Бүкіл жоба бірнеше терминалдардың (астық, жалпы, құйма жүктер, әмбебап) және көлік-логистикалық кешеннің құрылысын қамтиды.

Отырыста SEMURG INVEST ЖШС Бас директоры Нұржан Марабаев атап өткендей, 2030 жылға қарай «Саржа» ККТ барлық терминалдарының құрылысын аяқтау орта дәліздің өткізу қабілетін жылына 10 млн тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Каспий көлік-логистикалық торабының бөлігі болып саналатын Ақтау теңіз портында контейнерлік хабының құрылысы жүргізілуде. Контейнерлік хаб 19 га жер учаскесі көлемінде резервтелген «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы базасында құрылатын болады. Құрылыстың аяқталуы 2025 жылдың екінші тоқсанында жоспарлануда. Бұл Транскаспийлік халықаралық көлік маршруты (ТХКМ) арқылы жүк тасымалын дамытып, Қытайдан Еуропаға бағыт алған транзиттік жүктің бір бөлігін Транскаспийский бағдарына қайта бағыттауға және де «Түркіменбашы -  Ақтау - ҚХР» контейнерлік тізбекті дамытуға мүмкіндік бермек.

ҚТЖ ҰК АҚ мәліметі бойынша, Қытайдың Ляньюньган теңіз порты контейнерлік хаб құрылысына инвестиция салуға мүдделі. Қытай портында тәулік сайын Қазақстанға қарай 2 контейнерлік пойыз жасақталады. Болашақта Сианьдағы қазақстандық құрғақ порттың құрылысымен Ляньюнган арқылы Қазақстанға тауарлардың жүк ағыны айтарлықтай артады.

Каспий торабының толық жұмысы үшін Бейнеу – Маңғыстау темір жол учаскесінің өткізу қабілетін арттыру қажет. Қазіргі уақытта ҚТЖ-да «Челябинск-Болашақ» теміржол магистраліндегі «тар жерлерді» жою бағдарламасы әзірленді, оның бір бөлігі «Бейнеу-Маңғыстау» учаскесі болып табылады. Қосымша жеті бөлек пункт пен екі жолды ставкалардың құрылысы жоспарланған. Осы шаралар тасымалдаудың күрделі  учаскілерін  жоюға жеткілікті болмақ. 

«Еуразияның көлік қаңқасының негізгі болып саналатын және ЕАЭО елдері мен бақылаушы елдерді, мысалы Өзбекстан сияқты бақылаушы елдерді байланыстыратын Солтүстік-Оңтүстік халықаралық дәлізінің болашағы зор. Бұл Еуразиялық өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға және Қазақстанды логистикалық хабқа айналдыратын жер, міне осындай міндеттерді Мемлекет басшысы алдымызға қойған еді», - деп атап өтті Серік Жұманғарин. - Каспийдегі климаттық және экологиялық өзгерістерді, Құрық портында жаңа қуаттылықтардың пайда болуын ескере отырып, бұл порттың көлік-логистикалық маршруттар тізбегін қайта құрудың маңызды бөлігі болуға барлық мүмкіндіктері бар. Оның әлеуеті мол.

Сондай-ақ, жедел жұмыс тобының отырысында жаңа көлік-логистикалық жобалар таныстырылды. Атап айтқанда, Алматыдағы E-Logistics хабын құру жобасы қарастырылды. 2030 жылға қарай Алматы агломерациясының 5 млн адамға дейінгі өсу әлеуеттін ескере отырып, өңірді агроөнеркәсіптік жүктерді шоғырландыру және бөлу өңіріне айналдыру қажет. Жаңа хабты құру үшін екі мысал қарастырылуда: «Ранжис» (234 га) француз агропроцессингтік хабы және ресейлік «Фудсити» (104 га). Орналасу аймағы - Алматы маңы. Құрылыс үшін әлеуетті инвесторлар бар.

ҚХР-дан жүк тасымалын ұлғайтуды және Алматы облысының ұйғыр ауданындағы «Көлжат» өткізу пунктін жаңғыртуды ескере отырып, «Құрғақ порт - Көлжат» халықаралық цифрлық көлік-логистикалық хабын салу жоспарлануда. Жоба 2023 жылдан 2027 жылға дейін 2 кезеңге бөлінді. Уақытша сақтау қоймаларын, көлікке арналған сервистік орталықтарды салуды, барлық қажетті мемлекеттік, брокерлік және қосалқы қызметтерді, тауарларды экспорттау орталығын көрсетуді қамтиды. Жобаға 8,5 мың га жер берілді.

Сондай-ақ, кеңесте Серік Жұманғарин «Алатау» ИСЛК, «Еуразия» трансшекаралық сауда орталығы, «Орталық Азия» ШХЫО, Қорғас торабының жобаларын іске асыру барысын тыңдады. Келесі отырыста «Қорғас» ШХЫО дамыту тұжырымдамасын қарастыру туралы шешім қабылданды.

  • 26.10.2023
  • 179
Шаққалиев А.А.
(Мұрағат)

ҚР Сауда және интеграция министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика