• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нұртлеу М.Ә.
Нұртлеу М.Ә.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Люксембургте «Қазақстан – Еуропалық Одақ» ынтымақтастық кеңесінің 20-шы отырысы өтті

Люксембург, 2023 жылғы 23 қазан – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу «Қазақстан Республикасы – Еуропалық Одақ» ынтымақтастық кеңесінің 20-шы мерейтойлық отырысына қатысты. Еуропалық келіссөздер делегациясын ЕО Кеңесіне төрағалық ететін Испанияның Сыртқы істер, Еуропалық Одақ және ынтымақтастық министрі Хосе Мануэль Альбарес бастады.

Тараптар Қазақстанның Еуроодақпен көпжоспарлы өзара іс-қимылына дәстүрлі шолу жүргізіп, Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімнің іс жүзіндегі орындалуын талқылады. Энергетика, көлік және логистика, цифрландыру, азаматтық авиация, визалық режимді жеңілдету, сондай-ақ сыни шикізат материалдарын өндіру және пайдалану мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Өз сөзінде Қазақстан СІМ басшысы Еуроодақпен ынтымақтастықтың стратегиялық сипатын атап өтті. «Біз көптеген салалардағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейіне қол жеткіздік және оны одан әрі кеңейтуге мүдделіміз. Қазақстан Орталық Азия өңірінде Еуроодақтың сенімді серіктесі болып қала бермек», – деді М. Нұртілеу.

ҚР сыртқы саяси ведомствосының басшысы сауда-экономикалық саладағы табысты әріптестік дамуының оң серпінін атап өтті. Еуроодақ Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі, 2022 жылы Қазақстан мен Еуроодақ арасындағы тауар айналымы 40 млрд АҚШ. долларын құрады. 2022 жылы ЕО елдерінен Қазақстан экономикасына 12,5 млрд АҚШ долл. тікелей шетелдік инвестиция тартылып, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 23%-ға жоғары.

Тараптар Қазақстан Республикасының көлік-логистикалық әлеуетін іске асыру жолымен Еуропа мен Азия арасындағы транзиттік дәліздерді әртараптандыру жөніндегі бірлескен іс-қимылдарды, оның ішінде ЕО-ның «Global Gateway» стратегиясының мақсаттарын Транскаспий халықаралық көлік дәлізінің даму жоспарымен ұштастыру мәселесін талқылады.

Отырысқа қатысушылар ҚР азаматтары үшін визалық талаптарды жеңілдету бойынша консультациялардың басталуын ерекше атап өтті. Қазақстандық тарап консультациялардың кезекті отырысын өткізу үшін Еурокомиссия делегациясын Астанаға шақырды.

Өз кезегінде Министр Х.М. Альбарес Қазақстан Еуроодақтың Орталық Азия өңіріндегі сенімді серіктесі екенін атап өтіп, ЕО мәселелердің кең ауқымы бойынша сындарлы өзара іс-қимылға дайын екендігін хабарлады.

Тараптар білім беру және зерттеу бағытында «Erasmus+» және «Horizon Europe» бағдарламаларына қатысу және қазақстандық жастардың әлеуетін арттыру бойынша Қазақстан мен ЕО ынтымақтастығының перспективаларын талқылады.

Сондай-ақ тараптар ауыл шаруашылығы және су ресурстарын басқару саласындағы нақты өзара іс-қимылды кеңейту жолдарын қарастырды. Бұл бағыттардың азық-түлік қауіпсіздігі және өңірдің тұрақты дамуы мәселелерімен тығыз байланысты екені мәлім.

ҚР мемлекеттік органдарының атынан сөз сөйлеген қазақстандық делегация мүшелері сауда-экономикалық, инвестициялық және көліктік өзара іс-қимыл, адам құқықтарын қорғау және оларды ілгерілету, саяси реформаларды іске асыру және басқа да секторлық тақырыптар бойынша баяндамалар жасады.

  • 27.10.2023
  • 141
Нұртлеу М.Ә.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

Нұртлеу М.Ә.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика