- Блогтар
- Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.
ҚР Сауда және интеграция министрі
ДСҰ-да 13-ші министрлер конференциясы қарсаңында прогреске жету үшін жоғары деңгейдегі отырыс өтті
Женева, 2023 жылғы 23-24 қазан – Дүниежүзілік сауда ұйымының алаңында ДСҰ-ға мүше елдер 2024 жылғы 26-29 ақпан аралығында БАӘ астанасы – Абу-Даби қаласында өтетін алдағы 13-ші Министрлік конференциясы барысында маңызды шешімдер қабылдауға ниетті ең өзекті мәселелерді айқындау мақсатында жоғары деңгейдегі отырыс өтті.
Мәселен, осы отырыстың нақты шешімдерінің бірі дамушы елдер санатына көшу барысында ең аз дамыған елдерге (бұдан әрі – НРС) тауарлар нарығына бажсыз және квоталанбайтын қолжетімділік түріндегі біржақты сауда преференцияларын беруді жалғастыру болды.
Сонымен қатар, Қазақстан төрағалығымен өткізілген МК-12-де қабылданған шешімдерге сәйкес отырыс барысында ұйымның дауларды шешу жөніндегі органын, ауыл шаруашылығы саласындағы субсидияларды және өнеркәсіптік саясат саласындағы мемлекеттік қолдауды қоса алғанда, ДСҰ-ны реформалау, сондай-ақ және климаттың өзгеруі проблемаларын шешу үшін қабылданған сауда шаралары қарастырылды.
Отырыс барысында Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымы мен халықаралық экономикалық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Жанар Айтжан бастаған қазақстандық делегация дамушы елдер санатына өтуіне байланысты НРС-қа сауда жеңілдіктерін беруге байланысты мәселелерді мақұлдауды қолдап, сондай-ақ ДСҰ Хатшылығын дамушы және аз дамыған елдер үшін ДСҰ келісімдеріндегі арнайы және дифференциалды тәртіп ережелерін қолдану тиімділігіне талдау жүргізуге шақырды.
Қазақстанның Тұрақты өкілі Ж. Айтжан ДСҰ-ға мүше дамыған және дамушы елдердің ауыл шаруашылығы өндірушілері арасындағы бәсекелестік жағдайларды теңестіру және жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ауыл шаруашылығы субсидияларын реформалау саласындағы келіссөздерді жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.
Отырыс жұмысына Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сыртқы сауда қызметі департаментінің директоры Әлия Әлімбетова да қатысты.
Қазақстан делегациясы ДСҰ дауларын шешу жөніндегі органды реформалау жөніндегі ағымдағы келіссөздерді аяқтаудың маңыздылығын атап өтті, бұл елдердің ДСҰ келісімдері шеңберінде қабылданған міндеттемелерді сақтауы және ұйымның жоғары органдарының шешімдерін іске асыруды қамтамасыз ету үшін қажетті шарт болып табылады. Отырысқа қатысушылардың сөйлеген сөздерінде сауда дауларын шешудегі ең жоғары сот сатысы болып табылатын ДСҰ Апелляциялық органының жұмысын қалпына келтіру мәселесіне ерекше назар аударылды.
Іс-шара соңында ДСҰ Бас директоры Н.Оконджо-Ивеала ДСҰ-ның 13-ші министрлік конференциясы барысында нақты нәтижелерге қол жеткізуге үлес қосу үшін жоғары деңгейдегі кездесу барысында қол жеткізілген саяси мандатқа тоқталды.
- 27.10.2023
- 196