• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Сыздықбеков Ғ.Ә.
Сыздықбеков Ғ.Ә.

Шымкент қаласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ҚАЛА ӘКІМІ СИАНЬ ДЕЛЕГАЦИЯСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Сиань қалалық партия комитетінің хатшысы Фан Хунвэй бастаған ресми делегациямен кездесті. Басқосу барысында достық, ынтымақтастық байланыстарды дамыту тетіктері талқыланды. Екі жақты ұзақ мерзімге бағытталған экономикалық, ауыл шаруашылығы, ғылыми-техникалық, мәдени іскерлік және сауда қатынастарын дамыту мүмкіндіктері қарастырылды.

Биыл мамыр айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына жасаған мемлекеттік сапары аясында Шымкент пен Сиань қалалары арасында «Өзара серіктестік орнату» туралы меморандумға қол қойылды. Қалалар арасында бауырластық байланыстар орнатылуына орай биыл 4–6 шілде аралығында жергілікті делегацияның Сиань қаласына сапары өткен болатын.

«Туристік әлеует пен кәсіпкерлік байланысты нығайтуға септігін тигізетін Шымкент – Сиань – Шымкент бағытында тікелей әуе рейсін ашу мүмкіндігі қарастырылып, екіжақты бірлескен жұмыстар жүргізіледі. Қала әкімдігі тарапынан екі елдің кәсіпкерлері арасындағы сауда қатынастарын орнату және инвестициялық жобаларды іске асыру үшін мемлекеттік қолдау шаралары аясында жан-жақты көмек көрсетуге дайынбыз. Бүгінгі кездесу сындарлы ынтымақтастыққа ықпал ететініне және екіжақты жаңа жобаларды іске асырудың келешегін белгілейтініне сеніміміз мол», — деді қала әкімі. 

Кездесу соңында Шымкент, Сиань қалалары арасындағы достық және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Қонақтар «Шымкент өнімдері» көрмесін тамашалап,
қаланың инвестициялық мүмкіндіктері және жергілікті тауарөндірушілердің өнімдерімен танысты.

Қытай — еліміздің стратегиялық маңызды әріптестерінің бірі. Cоңғы 5 жылда қаланың Қытай Халық Республикасымен сыртқы сауда айналымы 886 млн АҚШ долларын құрады. Шымкент қаласы Батыс Қытай және Батыс Еуропа автомагистралі бойында орналасқан республикалық маңызы бар, еліміздің негізгі өнеркəсіп, сауда жəне мəдени орталықтарының бірі болып табылады.

Бүгінде қытайлық капиталдың қатысуымен мұнай өңдеу, химия және металлургия салаларында жалпы құны 1,4 млрд АҚШ долларын құрайтын 4 ірі инвестициялық жоба табысты жүзеге асырылуда.

  • 30.10.2023
  • 205
Сыздықбеков Ғ.Ә.

Шымкент қаласының әкімі

Сыздықбеков Ғ.Ә.
(Мұрағат)

Шымкент қаласының әкімі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика