- Блогтар
- Нысанбаев Е.Н.
Нысанбаев Е.Н.
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі
Іле-Алатау ұлттық паркінде тұңғыш визит-орталық таныстырылды
Өткен аптада Іле-Алатау ұлттық паркіндегі алғашқы визит-орталықты қоғам өкілдеріне, БАҚ арқылы жұртшылыққа таныстырдық. Аюсай шатқалындағы орталық келушілерге ұлттық парк жайлы толық ақпарат ұсынатын, білім берумен және ағарту жұмысымен айналысатын кешенге айналмақ. Оның модулі толығымен экологиялық материалдардан жасалған. Ғимарат Аюсай шатқалының ландшафтына әдемі үйлесіп тұр. Экологиялық сабақтар үшін арнайы зал да бар.”Тамыр” мектебі қоршаған ортаға зиян келтірмей әрі қауіпсіз демалудың негіздерін түсіндіріп, тегін лекциялар жүргізеді. Экотуризмді өркендетуге бағытталған нысан Алматы тұрғындары мен қонақтардың сүйікті орнына айналатыны сөзсіз. Бұл тәжірибені өзге ұлттық парктерде де жүзеге асырамыз.
- 18.01.2021
- 324