• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Саясат Нұрбек
Саясат Нұрбек

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
МИНИСТР САЯСАТ НҰРБЕК ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЖАТАҚХАНАЛАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің жатақханаларымен танысты.

Министр алдымен «Өркениет» жатақханасымен танысып, студенттермен кездесті. Студенттер үйінде университет жастарына 274 орын бөлінген, қазіргі уақытта мұнда жалпы саны 255 білім алушы орналасқан. Саясат Нұрбек шәкірттердің жағдайымен жете танысып, университет жастарының ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Кездесу барысында республика бойынша студенттердің жатақханамен қамтылуы басты назарда екенін, өңірлерде бұл мәселе шешімін тапқанын атап өтті.

Бұдан кейін министр «ДилМаш» жатақханасындағы жастармен кездесті. Жатақхана 170 орынға лайықталған, бүгінде 162 білім алушы қоныстанған.

Сондай-ақ, министр университет базасындағы «Сейхун» спорттық-сауықтыру кешенінің жұмысымен танысты. Кешенде білім алушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында дене шынықтыру сабақтары, спорт кешенінде шағын футбол, волейбол, жүзу, үстел теннисінен спорт секциялары ұйымдастырылады. Сонымен қатар, жарыстар мен барлық деңгейдегі спартакиадалар өткізіліп тұрады.

Министр №5 студенттік жатақхананы да аралап, студенттердің тұрмысымен танысты. Оқу орнының №5 жатақхана ғимараты 400 студентке арналған. Қазіргі уақытта 386 білім алушы орналасқан. ЖОО өкілдері жатақханадағы жастардың білім алуына, бос уақытын тиімді өткізуіне барынша жағдай жасалғандығына тоқталды. Жатақханадағы бөлмелер 2–4 адамға арналған, қажетті жиһаздармен қамтылған. Ғимаратта семинар-тренинг өткізуге арналған кабинеттер, кітапхана және компьютерлік сыныптар, асхана, кір жуатын бөлме, теннис залы орналасқан. Ал, аулада спорттық жаттығулар жасауға арналған алаң бар, сонымен бірге биыл жаңа футбол алаңы пайдалануға берілген.

Жоғары оқу орнының профессор-оқытушы құрамы және студенттермен кездесу барысында ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің Алғыс хатымен дзюдодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР Ұлттық құрама командасының мүшесі, 2023 жылғы Азия ойындарының алтын жүлдегері Олжас Оразалыұлы, дзюдодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР Ұлттық құрама командасының мүшесі, 2023 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері Жұбаназар Абылайхан және бапкерлер марапатталды.

Айта кету керек, университет балансында 1230 орындық бес студенттік жатақхана бар. Сондай-ақ, 350 орынға арналған жатақхана құрылысы басталды.

  • 06.11.2023
  • 254
Саясат Нұрбек

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі

Саясат Нұрбек
(Мұрағат)

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика