- Блогтар
- Шаққалиев А.А.
Шаққалиев А.А.
ҚР Сауда және интеграция министрі
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев қытайлық компаниялармен кездесті
Шанхайға сапары аясында Арман Шаққалиев «Shandong Hi-Speed Group» және «Shandong Energy Group» компанияларымен келіссөз жүргізді. Тараптар көмір химиясы және химия өнімдерін өндіру саласындағы бірлескен жобаларды іске асыруды талқылады.
Негізгі мақсаты - шикізаттық емес тауарлардың, оның ішінде химия өнеркәсібінің экспортын ұлғайту.
Сондай-ақ, Арман Шаққалиев «Fujian Cinhai Grain & Oil Co., Ltd.» компаниясының басшылығымен ауыл шаруашылығы мақсатындағы қайта өңделген тауарлардың, атап айтқанда рапс майының экспортын ұлғайту үшін келіссөздер жүргізді. Кездесулер қорытындысы бойынша ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның Сауда және интеграция министрі біздің ел мен Қытай арасында қазақстандық ауыл шаруашылығы және тамақ өнімдерін экспорттау бойынша 21 хаттамаға қол қойылғанын хабарладық, бұл АӨК тауарларын Қытайға жеткізуді айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді. Қазақстан экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімдерінің Қытай нарығына экспорты көлемін кеңейте алады. Тек өсімдік майы мен шрот бойынша ғана экспорттық әлеует 300 млн долларды құрайды.
- 07.11.2023
- 159