• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Саясат Нұрбек
Саясат Нұрбек

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
ІІ ТҮРКІ УНИВЕРСИАДАСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУЫ ӨТТІ

Бүгін Түркістанда ІІ Түркі Универсиадасының салтанатты ашылуы өтті. Спорттық жарысты ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі ұйымдастырды. Спорттың 7 түрінен жарыс 10 қарашаға дейін жалғасады.

Бұл Қазақстанның төрағалығымен Түркі мемлекеттері Ұйымының X саммиті өткеннен кейін ұйымдастырылған алғашқы шара.

Ашылу салтанатында түркі мемлекеттері Ұйымы Бас хатшысының орынбасары Сади Джафаров, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды сөз сөйлеп, түркі жастарына табыс тіледі.

«Өткен жылы Самарқандта өткен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде: Қазақстан түркі әлемінің Атажұрты ретінде ұйымға мүше барлық елмен жан-жақты қарым-қатынасты дамытуға айрықша мән беретінін жеткізіп, елімізде ІІ Түркі универсиадасын өткізуді ұсынды. Универсиаданы өткізу орны да кездейсоқ таңдалмаған, Түркістан – Түркі әлемінің рухани астанасы. Бұл тек бастама. Түркі елдерін біріктіретін іс-шаралар келесі жылы да жалғасын табады. Баршаңызды осындай жарқын оқиғамен құттықтаймын және сәттілік тілеймін!», - деді министр Саясат Нұрбек.

Түркі мемлекеттері Ұйымы Бас хатшысының орынбасары Сади Джафаров өзінің құттықтау сөзінде Түркістандағы ІІ түркі Универсиадасын ұйымдастырудың барлық қатысушы елдер үшін ерекше маңызы бар екенін атап өтті, сондай-ақ ұйымдастырушыларға қонақжайлылығы мен спорттық іс-шараны жоғары деңгейде өткізгені үшін алғыс айтты.

Салтанатты шара жергілікті әртістердің концерттік бағдарламасымен жалғасты.

ІІ түркі Универсиадасына Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және Венгриядан барлығы 450-ге жуық спортшы қатысады. Қатысушылар спорттың 7 түрінен жарысады: үстел теннисі, шахмат, волейбол, футзал, дзюдо, еркін күрес, грек-рим күресі.

Жарыс «Olympic center» спорт кешені мен Х. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің базасында өткізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін ІІ Түркі Универсиадасына қатысушы елдердің ресми делегациялары өкілдерінің кездесуі өтті. Жиында студенттік спортты дамыту және тәжірибе алмасу мүмкіндіктері талқыланды.

Универсиада жарыстарының жеңімпаздары 10 қарашада анықталады. Жабылу және марапаттау рәсімі Х. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде өтеді.

  • 07.11.2023
  • 221
Саясат Нұрбек

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі

Саясат Нұрбек
(Мұрағат)

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика