- Блогтар
- Нұртлеу М.Ә.
Нұртлеу М.Ә.
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі
Қазақстан-Сингапур саяси консультациялары онлайн режимде өтті
Нұр-Сұлтан, 2021 жылдың 11 қаңтары - Қазақстан мен Сингапур сыртқы саяси мекемелері арасында видеоконференц-байланыс форматында саяси консультациялар өтті.
Іс-шара барысында Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Азия-Тынық мұхит өңірі департаментінің директоры Нұрғали Арыстанов және Сингапур Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыс, Солтүстік Африка және Орталық Азия Директоратының Бас директоры Самуэль Тан саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытудың ағымдағы жағдайы мен перспективаларын талқылады.
Тараптар екі мемлекет арасындағы өзара іс-қимылдың барлық бағыттары бойынша екіжақты байланыстарды одан әрі нығайтудың маңызды мәнін атап өтті.
2021 жылы жоғары және биік дәрежеде бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру мәселесіне, сондай-ақ көпжақты құрылымдар аясындағы ықпалдастыққа ерекше көңіл бөлінді.
- 19.01.2021
- 286