- Блогтар
- Сыздықбеков Ғ.Ә.
Сыздықбеков Ғ.Ә.
Шымкент қаласының әкімі
МАЯТАС ТҰРҒЫН АЛАБЫНДАҒЫ АСПАЛЫ КӨПІР ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛЕДІ
Бүгін қала әкімі Маятас тұрғын алабындағы жаяу жүргіншілерге арналған аспалы көпір мәселесімен танысты.
Аспалы көпір 1985 жылы салынған. Тұрғындар тарапынан 2014 жылы жартылай жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бүгінде тозығы жетіп, қайта қалпына келтіруді қажет етіп тұр.
Жағдайды бақылаған қала әкімі жауаптыларға заманауи үлгіде көпір салуға тапсырма берді. Сондай-ақ құрылыс жұмыстарын келесі жылдың 1-жартыжылдығына дейін аяқтауды жүктеді. Оған қоса, Қ.Нысанбайұлы көшесі бұрылысынан көпірге дейінгі тас жолды жөндеп беруді тапсырды.
Бадам өзені арқылы өтетін жаяу жүргіншілер көпірінде күніне шамамен 150-200 адам қатынайды. Ұзындығы 120 метр, ені 1 метрді құрайды.
- 08.11.2023
- 114