• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қарабаев М. К.
Қарабаев М. К.

ҚР Көлік министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Елордада өтетін конференцияда шетелдік ғалымдар отандық жол саласына арналған шешімдерін ұсынбақ

15-16 қараша күндері 19-шы рет ұйымдастырылып отырған Kaztraffic-2023 көрмесі аясында Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты Көлік министрлігінің қолдауымен «Инновациялар мен инфрақұрылымның қиылысы: жол саласын дамыту формуласы» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Пленарлық сессияда көлік вице-министрі Сатжан Аблалиев, автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Абдуллин және PIARC Дүниежүзілік жол қауымдастығының бас хатшысы Патрик Маллежак сөз сөйлейді.

Сондай-ақ поляк жол конгресінің президенті Збигнев Котларек, JSTI GROUP бас инженері, профессор Цао Жунцзи, Берклидегі Калифорния университетінің жетекші сейсмологы Шахзод Тахиров және China Shandong International Economic & Technical Cooperation Group LTD компаниясының ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жөніндегі директоры Вейлин Ву баяндама жасайды.

Сонымен қатар талқылауға Қазақстан, Германия, Франция, Украина, Өзбекстан, Моңғолия, Ресей және Беларусь елдерінің сарапшылары қатысады деп жоспарланып отыр.

Конференцияда «Қазақстан Республикасының автожол саласын дамытудағы PIARC рөлі», «Экологиялық және ұзақ мерзімді көлік инфрақұрылымын салуға арналған ХХІ ғасырдағы нанотехнологиялар», «Инфрақұрылымның сенімділігі мен беріктігін қамтамасыз ету үшін құрылымдық мониторингтің, тестілеудің және сандық модельдеудің заманауи технологиялары», «Жолдағы ақылды технологиялар және апатты жағдайларды жою», «Пластмассаларды асфальтбетондардың беріктігін арттыру үшін полимерлі қоспалар ретінде қолдану» сындытақырыптар талқыланатын болады.

Халықаралық конференцияда қаралатын тақырыптардың еліміз үшін маңызды екенін атап өткен жөн. Өйткені еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін арттыружәне автомобиль жолдарын дамыту күн тәртібіндегі маңызды сұрақтардың бірі болып табылады. Аталған іс-шара шетелдік және отандық ғалымдардың, сарапшылардың, жолшылардың, мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік қоғамдастықтың пікір алмасу алаңына айналмақ.

Естеріңізге сала кетейік, биылдан бастап Қазақстан PIARC ұйымының құрамына кірді. Тиісті келісімге Прагадағы XXVII Дүниежүзілік жол конгресінде қол қойылған болатын. PIARC-ке мүшелік ету халықаралық сарапшылардың қатысуымен әзірленіп жатқан инженерлік құрылыстар мен жол қозғалысына қатысты заманауи техникалық әзірлемелерге және салалық құжаттамаға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

 

  • 08.11.2023
  • 172
Қарабаев М. К.

ҚР Көлік министрі

Қарабаев М. К.
(Мұрағат)

ҚР Көлік министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика