• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нұртлеу М.Ә.
Нұртлеу М.Ә.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қазақстан Сауд Арабиясындағы ИЫҰ кезектен тыс саммитіне қатысты

Эр-Рияд, 2023 жылғы 11 қараша – Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу бастаған Қазақстан Республикасының делегациясы Араб мемлекеттері лигасының (АМЛ) және Ислам ынтымақтастығы ұйымының (ИЫҰ) Палестина мәселесі бойынша кезектен тыс бірлескен саммитіне қатысты.

Іс-шараға ИЫҰ-ға мүше мемлекеттердің мемлекет, үкімет басшылары, сыртқы істер министрлері қатысты. Қатысушылар Палестина-Израиль қақтығысын бейбіт жолмен шешу, Палестинаға заңды аумақтарды қайтару қажеттілігі туралы пікір білдірді, сондай-ақ Газа секторында әскери қимылдарды дереу тоқтатуға шақырды.

Саммитте сөйлеген сөзінде ҚР Сыртқы істер министрі Қазақстан палестиналықтардың өзін-өзі анықтауға және астанасы Шығыс Иерусалимде орналасқан 1967 жылғы шекарада халықаралық деңгейде танылған Палестина мемлекетін құруға заңды құқықтарын толық қолдайтынын мәлімдеді. Таяу Шығыс дағдарысын реттеу тек БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі бекіткен «екі халық үшін екі мемлекет» формуласы негізінде ғана мүмкін болатындығы аталып өтті.

«Қазақстан Газа секторында әскери қимылдарды дереу тоқтатуға шақыра отырып, ИЫҰ-ға қатысушы елдермен ынтымақ танытты және танытуды жалғастыруда», – деді М. Нұртілеу және осы мақсатта Қазақстан БҰҰ Бас Ассамблеясының ү.ж. 27 қазандағы төтенше арнайы сессиясында Иордания Хашимит Корольдігі ұсынған атысты тоқтатуға шақыратын қарарға дауыс бергенін қоса жеткізді.

ҚР сыртқы саяси ведомствосының басшысы өкінішке орай бейбіт тұрғындар, оның ішінде тым көп балалар, әйелдер мен қарттар жанжалдың жазықсыз құрбаны болғанын атап өтті. Сондай-ақ қазіргі уақытта Газа секторында жүрген және осы аумақтан кетуге мүмкіндігі жоқ ҚР азаматтарына қатысты жағдайға терең алаңдаушылық білдірілді.

Осыған байланысты М. Нұртілеу Саммитке қатысушыларға Израиль СІМ басшысы Эли Коэнмен жақында болған телефон арқылы сөйлесуі барысында атысты дереу тоқтатуға және барлық тараптардың осы жанжалды бейбіт жолмен шешуін іздеуге шақырғанын жеткізді. Бейбіт тұрғындардың қауіпсіздігі басты басымдық екені аталып өтті.

Қазақстан Мысыр Араб Республикасының Газа азаматтарына медициналық және гуманитарлық көмек көрсету үшін дәліздер құру туралы шешімін жоғары бағалады. Өз кезегінде, еліміз Палестинаның бауырлас халқы үшін бір миллион АҚШ доллары көлемінде көмек берді және қосымша гуманитарлық көмек көрсетуді жоспарлап отыр.

ҚР СІМ басшысы халықаралық және гуманитарлық ұйымдарға Газа секторындағы қазіргі аса күрделі жағдайға араласуға өтініш білдіріп, Газа тұрғындары үшін төтенше гуманитарлық көмек көрсету үшін Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының қолданыстағы тетігін пайдалануды ұсынды.

Саммит қорытындысы бойынша қатысушылар Газа секторы Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Палестина территорияларының ажырамас бөлігі болып табылатындығы туралы қарар қабылдады. Израильге сектордағы қарулы қақтығыс үшін жауапкершілік жүктелді. АМЛ және ИЫҰ елдері палестиналықтарды қолдау үшін қаржылық қауіпсіздік жүйесін құруға келісті.

Саммит барысында ҚР сыртқы саяси ведомствосының басшысы Пәкістан Премьер-министрі Анвар-уль-Хак Какармен, Бангладеш Сыртқы істер министрі Абул Калам Абдул Моменмен, Бенин Сыртқы істер министрі Шегун Аджади Бакаримен, Малайзия Сыртқы істер министрі Сайфуддин Абдулламен, Нигерия Сыртқы істер министрі Джефри Онеямамен, Оман Сыртқы істер министрі Асад бин Тарикпен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді, сондай-ақ ИЫҰ Бас хатшысы Хисейн Брахим Тахаймен сөйлесті. Тараптар саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар М. Нұртілеу Сауд Арабиясының Инвестициялар министрі – Қазақстан-Сауд Үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы Халид Әл-Фалихпен кездесу өткізіп, оның барысында тараптар үкіметаралық комиссияның 6-шы отырысы, Іскерлік кеңестің 1-ші отырысы және екі ел арасындағы Инвестициялық дөңгелек үстел сияқты бірлескен алдағы іс-шараларға дайындық барысын талқылады.

Анықтама: Ислам ынтымақтастығы ұйымы (2011 жылға дейін – Ислам Конференциясы Ұйымы) 1969 жылы құрылған. ИЫҰ Бас хатшылығы Джидда қаласында (Сауд Арабиясы Корольдігі) орналасқан.

Қазіргі уақытта ИЫҰ – жалпы халқы 1,7 миллиардтан асатын 57 мүше мемлекеті бар және БҰҰ-дан кейінгі екінші ірі халықаралық ұйым. Қазақстан 1995 жылдың желтоқсанында Ұйымға мүше болды.

  • 13.11.2023
  • 191
Нұртлеу М.Ә.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

Нұртлеу М.Ә.
(Мұрағат)

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика