- Блогтар
- Нысанбаев Е.Н.
Нысанбаев Е.Н.
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі
Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесу
Бүгін Жамбыл облысының тұрғындарымен және коммерциялық емес ұйымдарымен кездесуім өтті.
Кездесу «сұрақ-жауап» форматында өтті, онда қатысушылар экология және табиғи ресурстар министрлігі жетекшілік ететін салаларды дамытудағы сұрақтарға толық жауап алды.
Жамбыл облысындағы экологиялық жағдай тұрақты. 9 айдағы шығарындылар көлемі 44,805 мың тоннаны құрайды.
Жамбыл облысының 2020-2024 жылдарға арналған эко проблемаларын шешу бойынша Жол картасында 15 іс-шара көзделген. Оның ішінде 10 орындалды, 4 орындалмады, 1 іс-шара алынып тасталды. Тамыз айында жол картасы жаңартылды және қазіргі уақытта орындалып жатқан 25 іс-шарадан тұрады.
Сонымен қатар, өтініштерді талдау Жамбыл облысында халықты толғандыратын бірқатар жүйелі экологиялық проблемалар бар екенін көрсетті.
Сондай-ақ, азаматтарды жеке қабылдадым, оның барысында қоршаған ортадағы ластаушы заттардың мониторингі, өнеркәсіптік қалдықтар, қолданыстағы экологиялық заңнамаға өзгерістер енгізу, орманды заңсыз кесу үшін жауапкершілікті күшейту және т. б. мәселелер көтерілді.
Кездесу соңында Жамбыл облысының өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары үшін брифинг өткізілді.
- 17.11.2023
- 180