- Блогтар
- Асылов Б.Н.
Асылов Б.Н.
ҚР Бас Прокуроры
Іздеуде жүрген Қазақстан азаматы Германиядан экстрадицияланды
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігі мен Интерполдың көмегімен Германия Федеративтік Республикасынан «OLIMP.KZ букмекерлік кеңсенің» қызметіне байланысты қылмыстық топқа қатысқаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Қазақстанның азаматшасын экстрадициялады.
Іздеуде жүрген адамды экстрадициялау германдық құзыретті органдармен тығыз ынтымақтастықтың арқасында мүмкін болды.
Германиямен ұстап беру туралы шарттың болмауына қарамастан, ағымдағы жылы осы елден Қазақстанға адам өлтіру және есірткі саудасы бойынша күдікті тағы 2 адам экстрадицияланды.
Өз кезегінде, Германия тарапына қорқытып алу және зорлау қылмыстарын жасағаны үшін іздеуде жүрген 2 адам ұстап берілді.
- 18.11.2023
- 184