• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Нысанбаев Е.Н.
Нысанбаев Е.Н.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесу

 Мемлекет басшысының «Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесуін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесу өткіздім.

 Қызылорда облысындағы экологиялық жағдай тұрақты екенін атап өттім. Облыстағы зиянды заттар шығарындыларының көлемі осы жылдың 9 айын бойынша 30,5 мың тоннаны құрайды.

Қызылорда облысының 2020-2024 жылдарға арналған экологиялық мәселелерді шешу бойынша Жол картасында 52 іс-шара көзделген. Оның ішінде 20 іс-шара орындалған, 23 іс-шара орындалуда және 9 іс-шараның орындалуы кешіктірілген.

Қызылорда облысы бойынша қатты тұрмыстық қалдықтар көлемі 2023 жылдың 3 тоқсанында 126,5 мың тоннаны құрады, оның ішінде 34,2 мың тоннасы (27%) қайта өңделді, қатты тұрмыстық қалдықтарды орналастырудың 145 объектісінің тек 7-еуі ғана экологиялық және санитарлық талаптар мен нормаларға сәйкес келеді, бұл 4,8% - құрайды.

Мемлекет басшысының Арал теңізінің құрғаған аумағындағы сексеуіл егістігін 5 жылда 1,1 млн. гектарға ұлғайту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында 2023 жылы 250 мың гектар алқапта орман мелиорациялық жұмыстар жүргізілуде. Соның ішінде көшеттерді көктемгі отырғызу - 57 081 га, ормандардың табиғи жаңаруына жәрдемдесу жөніндегі іс-шаралар - 10 000 га, галофитті өсімдіктердің тұқымын себу - 7777 га.

Сонымен қатар, облыста балық шаруашылығын дамыту мүмкіндігі бар. Қызылорда облысының аумағында халықаралық маңызы бар 2 су айдыны орналасқан (Кіші Арал теңізінің 18 учаскесі 11 балық шаруашылығы субъектісіне бекітіліп берілген, Сырдария өзенінің 8 учаскесі резервтік қорда).

Жергілікті маңызы бар 201 балық шаруашылығы су айдынының 184-і 147 пайдаланушыға бекітіліп берілген және 17 су қойма резервтік қорда.

2023 жылғы 1 шілдеден бастап 2024 жылғы 1 шілдеге дейін облыста 7092,7 тонна көлемінде балық аулау лимиті бекітілді, осы жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 512,3 тоннаны (7%) құрайды.

Қызылорда облысы бойынша балықты қайта өңдеуді балық шаруашылығының 10 субъектісі жүзеге асырады. Бүгінгі таңда 4 балық өңдеу кәсіпорны Еуропалық Одақтың жоғары талаптарына сәйкес келеді және балық өнімдерін Еуропалық Одақ елдеріне экспорттау құқығын алды. Статистика деректері бойынша 2023 жылдың 9 айында 2284,7 мың тонна балық өнімдері (мұздатылған, балық филесі, кептірілген және ысталған балық) экспортталды.

Кездесу барысында «Байқоңыр» кешенінің рұқсат етілмеген орындарында орналасқан қалдықтарды кәдеге жарату, Қызылорда қаласындағы бұрынғы ЖЭО-6 (ТЭЦ) күл үйінділерімен ластанған жерді қалпына келтіру және Қызылорда қаласының жанында орналасқан кірпіш және асфальт зауыттарының қызметі Қызылорда облысы тұрғындарының алаңдаушылығын тудыратын экологиялық проблемалардың ішіндегі ең маңызды сұрақтар болды.

 Барлық сұрақтарға жауап беріп, Министрлік пен  Облыстық экология департаментінің осы проблемаларды жою бойынша жүргізіп жатқан жұмыстары туралы айтып өттім.

Сондай-ақ, азаматтарды жеке қабылдап, облыстың өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарына брифинг өткізілді.

  • 20.11.2023
  • 209
Нысанбаев Е.Н.

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі

Нысанбаев Е.Н.
(Мұрағат)

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика