• Электрондық үкімет
  • Ашық үкімет
  • Қазақстан Республикасының үкіметі
  • Сайттың мобильді нұсқасы
  • Нашар көретіндерге арналған нұсқа
ҚАЗ РУС ENG
Кіру немесе тіркелу
Логотип портала Открытый диалог
  • Портал туралы
    • Талдау
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Трансляциялау жазбалары

Сервистер

Бойынша сұрыптау

Өтініш нөмері

Ұйым басшыларының блогтары

Категориялар

Жауап берілген

Мерзімі өткен

Мемлекеттік орган

Интернет-конференция статусы

Мемлекеттік орган

Категориялар

Қарастырылу мәртебесі

Кезең

С По
меню
  • Портал туралы
  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
    • Категориялар бойынша
    • Мемл. органдар бойынша
  • Компоненты ОП
    • Открытые данные
    • Открытые бюджеты
    • Открытые НПА
    • Оценка эффективности деятельности ГО
  • Пайдаланушалырға көмек
  • Блогтар
  • Барлық жазбалар
  • Өзекті өтініштер
  • Барлық өтініштер
  • Мұрағат
  • Блогтар
  • Қарабаев М. К.
Қарабаев М. К.

ҚР Көлік министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер
KGIR-2023 барысында ҚР мен ЕО арасындағы әуе қатынасы туралы келісімге қол қою мәселесі талқыланды

Көлік министрі Марат Қарабаев KGIR-2023 жаһандық инвестициялар жөніндегі дөңгелек үстелдің жұмысына қатысып, «Транзиттік әлеуетті дамытудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында өткен панельдік сессияда баяндама жасады.

Министр өз сөзінде тасымалдардың сапасын арттыру үшін барлық жағдай жасауға мүмкіндік беретін Орталық Азия мен Еуропа арасындағы жаңа логистиканы ұйымдастыру мүмкіндігіне назар аударды.

Бұл ретте М.Қарабаев Қазақстан қазіргі таңда көлік дәліздерін жаңғыртуға және өңірдегі көлік-транзиттік әлеуетті дамытуға зор үлес қосып отырғанына ерекше назар аударды. Осыған байланысты ҚР Көлік министрлігінің басшысы Қазақстанның қолданыстағы жол және көлік-логистикалық инфрақұрылымы, сондай-ақ оны жақсарту бойынша атқарылған, іске асырылып жатқан және жоспарланып отырған жұмыстар туралы айтып берді. Атап айтқанда, ТХКБ, "Солтүстік-Оңтүстік" дәлізін, елдің порт қуаттарын, автомобиль тасымалдарын, авиация мен мультимодальды тасымалдарды дамыту, автомобиль жолдары желісін салу мен реконструкциялау және басқа да өзекті тақырыптар қозғалды.

«Көлік саласы ұлттық бәсекеге қабілеттіліктің маңызды факторы болып табылады. Соңғы 10 жылда Қазақстанның көлік-логистикалық инфрақұрылымына $30 млрд инвестиция салынды. Біздің еліміз арқылы Еуропадан Орталық Азияға, Қытайға және оңтүстік-шығыс Азияға ең қысқа жолдар өтеді. Біз тиімді транзиттік трансконтинентальды дәліздер мен маршруттар желісін құрдық. Қазақстан бойынша 13 халықаралық көлік дәлізі өтеді», деді ҚР Көлік министрлігінің басшысы.

Көлік-логистика саласының нәтижелі дамуын атап өтіп, министр мүдделі тараптарға еркін қолжетімді «Қазақстан Республикасының көлік-логистика әлеуетін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасымен» танысуды ұсынды.

«Біз Қазақстанның көлік саласына шетелдік инвестицияларды тартуға мүдделіміз. Тұжырымдаманы іске асыру үшін біз дәліздерімізді одан әрі дамыту мәселесін пысықтаймыз, сондай-ақ тасымалдауды барынша жеңілдету үшін жүктерді контейнерлендіру бағдарламасы бойынша жұмыс жүргіземіз»,деп атап өтті М.Қарабаев.

Сондай-ақ баяндамашы 13 әуежайда "ашық аспан" режимі қосылғаны туралы айтып берді. Оған сәйкес шетелдік авиакомпаниялар түрлі бағыттар бойынша шектеусіз, оның ішінде "ауа еркіндігінің" бесінші дәрежесін пайдалана отырып, Қазақстанға тұрақты рейстерді орындай алады.

Сонымен қатар министр Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасындағы әуе қатынасы туралы келісімге қол қоюға дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Бұл өз кезегінде туризм мен экономикалық байланыстарды дамытуға жаңа мүмкіндіктер береді. Оның айтуынша, құжатқа жақын арада қол қою жоспарланып отыр.

 

  • 22.11.2023
  • 154
Қарабаев М. К.

ҚР Көлік министрі

Қарабаев М. К.
(Мұрағат)

ҚР Көлік министрі

  • Жазбалар
  • Өмірбаян
  • Өзекті өтініштер
  • Өтініштер

IT-компаниялардың қабылдауға жазылуы

Назарыңызға

Заңнаманың өзгеруіне байланысты (https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z2200000177) және өтініштерді қабылдаудың бірыңғай терезесі ретінде «Е–otinish» ақпараттық жүйесін институттандырумен байланысты мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына барлық  «Е-otinish» арқылы жүгіне аласыз.  

Маңыздысы – «Е-otinish»-ке келіп түскен барлық өтініштерді мемлекеттік органда, Бас прокуратурада қатаң есепте және бақылауда болады.

Платформа өтініш берген азаматттың өз өтінішін қарау барысын бақылауға және өзі бақылауға мүмкіндік береді. «Е-otinish» жүйесі арқылы шағым немесе арыз берген кезде түпкілікті шешім қабылданғанға дейін мемлекеттік орган Сізге алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіруге мүмкіндік беруге құқылы.

Мемлекеттік органның соңғы жауабын алғаннан кейін Сіз оның қаншалықты қанағаттанғанын бағалай аласыз.

Е-өтінішке өту

Біз туралы

  • Портал туралы
  • АКТ саласын дамыту жөніндегі басшы
  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар
  • Тұрақты даму мақсаттары
  • Экран дикторы
  • Құпиялылық саясаты
  • © Ашық диалог

    Ашық диалог

  • Ұйым басшыларының блогтары
  • Интернет-конференциялар
  • Сауалнамалар
  • Жазылымдар
  • Байланыстар

    Мекен-жай: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55/15 ғимарат

    Бірыңғай байланыс орталығы: 1414, +7-7172-906-984

    E-mail: support@goscorp.kz

    Яндекс.Метрика