- Блогтар
- Қарабаев М. К.
Қарабаев М. К.
ҚР Көлік министрі
Көлік министрлігінде инфрақұрылымды дамыту жобаларына қатысу мәселелері талқыланды
Мемлекет басшысының еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін дамыту туралы тапсырмасы шеңберінде Марат Қарабаев Қазақстанның көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелері бойынша Қытай азаматтық инженерлік-құрылыс корпорациясының өкілдерімен кездесу өткізді.
ҚР Көлік министрлігінде өткен кездесуде Қазақстандағы ССЕСС филиалының бас директоры Фан Ляньцзюнь мен Еуразия өңірі бойынша бас директордың ассистенті Ван Син корпорацияның қазақстандық автожолдарды қайта жаңарту жобаларына, сондай-ақ Саржа көпфункционалды терминалын, Ақтау портындағы контейнерлік паркті, Алматы облысындағы құрғақ порт пен логистикалық паркті, "Дарбаза-Мақтаарал", "Бақты-Аягөз" және Алматы станциясын айналып өту сынды жаңа теміржол желілерін салуға қатысуға мүдделі екенін атап өтті.
- 22.11.2023
- 131